Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -1 oC

«Ескерткіштердің электронды картасы» жұмыс істейді

«Ескерткіштердің электронды картасы» жұмыс істейді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша облыста 58 объект іріктеліп, оның 17-і республикалық және 41-і облыстық тізбеге енгізілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг кезінде облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Жаңа заман талабына сай цифрлы технологияның мүмкіндіктері пайдаланыла отырып, «Ескерткіштердің электронды картасы» жасалып, оған облыс аумағындағы 2343 ескерткіш кірді. Карта арқылы тарихи, мәдени, табиғи ес­­­кер­ткіштердің, киелі нысандар­дың толық мәліметін алуға мүмкіндік жасалған.

Заманауи ақпараттық технологияны енгізу кез келген саяхатқа шығуды жеңілдетуге жағдай жасап отыр. Өңірдің туристік бағыттарына орнатылған навигациялы 255 QR сілтемелері және «Жетісу 360» жобасы аясында облыс музейлеріне 3D-тур жасау осыған жарқын мысал бола алады. Кез келген гаджеттен zhetysu360.kz сілтемесі арқылы өтіп, үйде отырып-ақ қызықты виртуалды саяхатқа шығуға болады.

- Жаңа технологияны жетік меңгерген жастар осы іске белсене араласып, өз жобаларын жүзеге асыруда. Мәселен, облысымыздағы Сүлеймен Демирел университетінің студенттерімен бірлесіп «Жетісудың қасиетті жерлері» атты үш тілде iOs және Android мобильді қосымшалары іске қосылды, - деді облыс әкімі А. Баталов.

Оған қоса өңірде «Жетісудың географиялық қауымдастығы» құрылып, Жетісу скретч-картасы жасалған. Осы арқылы әр азамат өзінің жеке картасын түзіп, Жетісу жеріне саяхат жасай алады.



Көріністер:  428

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 25.05.2018 12:54

Өзгертілген күні: 25.05.2018 12:56:43

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх