Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC

Облыста мәдениет маусымы ашылды

Облыста мәдениет маусымы ашылды

Кеше Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында облыстың мәдениет маусымы салтанатты түрде ашылды. Маусымның ашылуына Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Алатау әуендері», «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері және бірқатар өнер иелері қатысты.

Шара ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевтың дирижерлығымен Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, «Сазген», «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерінің күй орындауымен ашылып, драма театры ұжымы дайындаған прологпен жалғасты.

Маусымның ашылуымен мәдениет саласы қызметкерлерін облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Осы сахнада өңірдегі мәдениет саласының қызметкерлері, журналистер, ақын-жазушылар, асабалар қайырымдылық шарасын атқарып, облыстағы көпбалалы аналарға 4 үйдің кілтін табыс етті. Жаңа қоныс иелеріне облыс әкімінің сыйлығы да тарту етілді.

Кербұлақ ауданының тұрғыны 5 баланың анасы Жұлдыз Сұлтанбаеваға Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев, Қаратал ауданынан келген 4 баланың анасы Айнұр Исаеваға «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін мен жас жазушы Есболат Айдабосын, Ақсу ауданынан келген көпбалалы ана Толқын Жатқанбаеваға асбалар Ердәулет Кенжеқұлов және Қайрат Қазкенұлы, Текелі қаласынан келген 6 баланың анасы Мақай Қалиманға «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаев пен «Жетісу шұғыласы» газетінің бас редакторы Жанахмет Исабеков пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Шара мәдениет ұжымдарының концертімен жалғасты.


Көріністер:  944

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.09.2019 12:29

Өзгертілген күні: 19.09.2019 14:54:44

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх