Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +22 oC
Облыста «Шаңырақ – Мәңгілік елдің тұғыры» атты акция басталды

Облыста «Шаңырақ – Мәңгілік елдің тұғыры» атты акция басталды

Облыста «Шаңырақ – Мәңгілік елдің тұғыры» атты акция басталды

Облыс әкімінің орынбасары Б.Өнербаев журналистерге акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы баяндап берді.

- Облыс әкімдігі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға қомақты үлес қосатын және Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған ірі көлемдегі акцияның тұжырымдамасын жасады. Бұл акция халықтың рухани құндылықтарын насихаттауға, жастардың осы тұрғыдағы білімін жетілдіруге, оларды елжандылық рухта тәрбиелеуге бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, жастардың жағымсыз қылықтарға бой алдыруының алдын алуғабағытталған, - деді Б. Өнербаев.

Мұнан соң акцияның іс жүзінде өткізілу барысы туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалиасқар Сарыбаев айтты. Оның айтуынша, жобаның жүзеге асырылуына жауап беретін арнайы жұмыс комиссиясы құрылған. Акция барысында түрлі шаралар өткізілмек. Соның ішінде киіз үй шаңырағының астында жастар үшін және басқа да қатысушыларға арнап ұйымдастырылатын шаралар да көп болмақ.

Баспасөз мәслихаты барысында «Шаңырақ - Мәңгілік елдің тұғыры» акциясын ұйымдастыру мен өткізу ісін жақсартуға қатысты «Жетісу» телеарнасының бас директоры Бейсен Құранбек, облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары Әміре Әрін мен Атсалим Идигов ұсыныс-тілектерін айтты.  Сөз сөйлеушілер аталмыш акциның жастар тәрбиесі жөніндегі жұмысты жақсартуға, жастардың тарих, салт-дәстүр, Қазақстан халқының мәдениеті туралы білімдерін жан-жақты кеңейтуге үлес қосатынын айтты.


Көріністер:  1906

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 13.08.2015 10:20

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:58

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх