Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +4 oC

Облыстағы инватакси саны тағы 11 көлікпен толықты

Облыстағы инватакси саны тағы 11 көлікпен толықты

Талдықорғандағы Оқушылар сарайында әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Сала мамандарын  Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов құттықтады. Өз құттықтауында Елбасының әлеуметтік саланы үнемі назарда ұстап, қариялар, көпбалалы және жалғызбасты аналар, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығына мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар Алматы облысында 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекеме бар екенін, онда екі мыңнан астам азамат қамқорлықта екендігіне тоқталды. Оның айтуынша, әр салада әлеуметтік қызмет көрсететін үш мыңнан аса маман ел игілігі үшін еңбек етіп жүр. Одан бөлек, облыс бойынша төрт мыңнан аса азаматқа әлеуметтік көмек үйден көрсетіледі. Үйде көмек көрсетілетіндердің 1600-ден астамы мүмкіндігі шектеулі балалар болса, екі жарым мыңға жуығы жалғыз басты қарттар екен.

Биыл облыс бойынша мүгедектерді оңалтуға 2 млрд 900 млн. теңге бөлінген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолайлылығы үшін 400 нысанға толық бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, оған 266 миллион теңге жұмсалыпты.

Салтанатты шарада үздік қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары берілді. Сол сияқты тағы бірқатар мамандарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» медальдары тапсырылды. Осы шарада облыстық «Еңбек жолы» байқауының «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік тәлімгер», «Өндірістің үздік жас жұмыскері» және «Үздік еңбек әулеті» аталымдары бойынша жеңімпазының есімі аталып, олардың әрқайсыларына 100 мың теңгенің сертификаты берілді. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін қызмет көрсететін 11 инватаксидің кілті табысталды.

Атап өтсек, облыста бүгінге дейін 22 инватакси қызмет көрсетсе, енді олардың саны тағы 11-ге артып отыр.


Көріністер:  369

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.11.2018 15:51

Өзгертілген күні: 09.11.2018 15:55:49

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх