Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +22 oC
Облыстың 2019-2020 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Облыстың 2019-2020 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Облыстың 2019-2020 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Бүгін облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсембіновтің төрағалығымен облыстың мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс XXXXIV сессиясы өтті.

Жиында Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы «Алматы облысының 2019-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 38-211 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы негізгі баяндаманы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов жасады.

Ж. Әмірхановтың айтуынша, нақтыланғаннан кейін облыс бюджеті 462,2 млрд. теңгені құрады. Әлеуметтік бағыттағы өзгерістер мен толықтырулар облыстың одан әрі дамуына және мақсатты индикаторларға қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға ерекше назар аударылды.

Ол, сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары туралы да айтты. Мәселен, 2018 жылы жеке серіктестермен жалпы құны 28,9 млрд. теңге болатын 13 жобаға келісім жасалған. Оның ішінде тартылған инвестиция көлемі – 14,4 млрд. теңге. Бұл - жобалар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сол сияқты спорт пен энергетика салаларындағы жобалар. Биылғы жылдың портфелінде құны 87,5 млрд. теңге болатын 29 жоба бар. Оның 3-еуі білім беру, 5-еуі – денсаулық сақтау, 7-еуі – энергетика және ТҮКШ, 3-еуі – спорт, 5-еуі – жол бойынша, 1-1-ден ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм, мәдениет және қауіпсіздік салаларында.

Сондай-ақ сессия барысында Ж. Әмірханов Алматы облысының 2018 жылғы даму бағдарламасының жүзеге асырылу қорытындылары туралы да баяндады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан толық қолдау тапты.


Көріністер:  999

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 06.03.2019 17:57

Өзгертілген күні: 06.03.2019 18:00:34

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх