Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC
Облыстың 2019 жылғы бюджетіне енгізілген өзгерістерде әлеуметтік қолдау шараларына басымдық берілді

Облыстың 2019 жылғы бюджетіне енгізілген өзгерістерде әлеуметтік қолдау шараларына басымдық берілді

Облыстың 2019 жылғы бюджетіне енгізілген өзгерістерде әлеуметтік қолдау шараларына басымдық берілді

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті XXXXVII сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 желтоқсандағы «Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 38-211 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Сонымен қатар Алматы облысының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есептер тыңдалды. Сондай-ақ облыстағы бірқатар комиссиялардың құрамы бекітіліп, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы сайланды.

Алдымен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында облыстың 2019 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы шешімнің жобасын ұсынды.

Ж. Әмірхановтың айтуына қарағанда, облыс бюджеті кірісінің 7 млрд. теңгеге арту болжамына және республикалық бюджеттен қосымша 39,8 млрд. теңге нысаналы трансферттер бөлінуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу, білім, денсаулық, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация сияқты іргелі салаларға көп көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, әлеуметтік салаға бағытталған шараларды ерекше атап өтуге болады. Атап айтқанда, қомақты қаржы аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жалғызілікті зейнеткерлер үшін улы газ датчиктерін сатып алуға, мектепке дейінгі білім мекемелерінде 7903 көп балалы отбасылардың ата-аналар төлемақысын бюджет қаржысы есебінен субсидиялауға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне, аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға, азаматтық және бюджеттік салалар мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға т.б. әлеуметтік қолдау шараларына бағытталып отыр. Сонымен қатар мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру, тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту, газдандыру ісі, облыстық маңыздағы жолдарды орташа және күрделі жөндеуден өткізу, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының жобалары да назардан тыс қалған жоқ.

Жалпы осы аталған және басқа да қарастырылған өзгерістерге байланысты облыс бюджеті 514,6 млрд. теңге көлемінде бекітілді.

Мұнан соң облыстық қаржы басқармасының басшысы Данияр Әлімбаев 2018 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп дайындап, бюджеттің игерілу деңгейіне талдау жасады. Осы тақырыпты облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мейрам Мусаев пен облыстық мәслихаттың бюжет, қаржы және тарифтік саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Қанатхан Нүсіпов өз баяндамаларымен түйіндеді.

Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов:

- Nur Otan партиясының XVIII съезінің негізінде қабылданған жаңа бағдарламаның талаптарына орай көп балалы аналарға көмек көрсету тұрғысынан облыстық бюджетті қайта қарап шықтық. Республикалық бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер бөлінді. Енді көп балалы отбасыларға берілетін тұрғын үйлерді көптеп салуға тиіспіз. Бұл жұмысты Талдықорғаннан бастаймыз. Ең бастысы қай ауданда, қай қалада көп балалы отбасылардың саны басым, сол өңірлерге тұрғын үйлерді көптеп салуымыз керек, яғни құрылыс жүргізуді баспана қажеттілігіне қарай бейімдеуіміз керек. Биылғы жылдың өзінде аз қамтылған және көп балалы 600-ден астам отбасын баспанамен қамтуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері меценаттардың көмегімен 60 отбасы үйлі болды. Бұл - қолдайтын игі бастама. Дегенмен тұрғын үй мәселесін атқарушы орган тарапынан жүйелі жұмыс атқара отырып шешуіміз керек. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының жобаларына облыстың 7 аудан орталығы енгізіліп отыр. Соның нәтижесінде аудан орталықтарында спорт, білім беру, денсаулық сақтау нысандары салынып, сумен, жылумен қамту жүйелері жасалатын болады. Алдымызда айқын жол, анық жоспарларымыз бар. Ендігі мәселе – соны сапалы орындау. Барлық аудан, қала әкімдері осыны мықтап есте ұстауы тиіс, - деді.


Көріністер:  1314

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 17.05.2019 18:56

Өзгертілген күні: 20.05.2019 13:31:16

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх