Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC
Облыстық Ассамблея мүшелерімен кездесу

Облыстық Ассамблея мүшелерімен кездесу

Облыстық Ассамблея мүшелерімен кездесу

Бүгін облыс әкімі, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Амандық Баталов Талдықорғандағы Достық үйінде болып, Ассамблея мүшелерімен кездесті.

Алдымен жиналғандарды Жаңа жылмен құттықтаған облыс әкімі өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық табыстарына да тоқталып өтті. Соның ішінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризмді өркендету, инфрақұрылымдарды дамыту, мектептер мен балабақшалар салу және басқа да іргелі істер жайлы айтты.

- Елбасы өңірлерге үлкен көңіл бөліп отыр. Облысқа келген сапарында аудандар арасындағы экономикалық теңгерімсіздікті жою туралы тапсырма берген болатын. Алдымен Көксу, кейін Ақсу қант зауыттарын іске қосу арқылы қазір қызылша өсіруші аудандардың өндірістік қуаты артып, Алматыдай ірі мегаполиспен іргелес жатқан аудандардан қалыспай келеді. Қызылшамен қатар жүгері өсіру де жолға қойылды. Осының бәрі елдің әл-ауқатын арттыруға ықпал етіп отыр, - деді А. Баталов.

Мұнан соң облыс басшысы этносаралық татулық, ел ішіндегі ынтымақ пен бірлік мәселесі, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларынан туындайтын міндеттер жайлы да кеңінен сөз қозғады.

Мұнан соң «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Гаитова, татар этно мәдени орталығының жетекшісі Руслан Валишанов, орыс этно мәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Лариса Котельникова, Аналар кеңесі төрайымның орынбасары Ғалия Ақбасова және басқа да бірлестіктердің өкілдері сөз алып, өңірдегі оң өзгерістерге деген көзқарастарын білдірді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласының күннен күнге көркейіп келе жатқанына, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қолдау көрсету шараларына, әрбір этностың өз тілі мен дәстүрін, мәдениетін сақтауға жасалып отырған жағдайға ризашылықтарын айтты. Бұдан былай да береке-бірліктің арқасында елді өркендету ісіне атсалыса береміз деген тілектерін жеткізді.

Осы кездесуде Ассамблеяның бірқатар мүшелеріне облыс әкімі А. Баталов Құрмет грамотасын, Алғыс хатын және Достық үйінің 10 жылдығына арналған төсбелгілерді тапсырды.

Сонымен қатар Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай ел бірлігін нығайтуға еңбегі үшін берілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін облыс әкімі Амандық Баталовқа табыстады.


Көріністер:  810

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 04.01.2019 18:21

Өзгертілген күні: 04.01.2019 18:32:10

Тізімге қайта оралу



Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх