Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

Облыстық мәслихатта - жаңа хатшы

Облыстық мәслихатта - жаңа хатшы

Бүгін облыс әкімі А. Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың VI  шақырылымының XIII кезекті сессиясы болды. Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Сарыбаев 2016 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп берді.

Екінші мәселеде облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Мұқановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәслихат хатшылығынан босату туралы өтініші қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сонымен қатар депутаттық фракция тарапынан мәслихат хатшылығына шығып қалған депутаттардың орнына сайлау барысында №15 Райымбек сайлау округі бойынша сайланған Сұлтан Мырзабекұлы Дүйсембіновтің кандидатурасы ұсынылды. Дауысқа салу барысында ұсыныс бірауыздан қолданды.

Төртінші мәселе бойынша облыстық мәслихаттың келесі сессиясына төраға ретінде Асқар Пазылұлы Сүлейменов сайланды.

Сессия қорытындысында облысы әкімі А. Баталов облыстық мәслихат депутаттарына 2017 жылдың бюджетін, атқарылатын істерді қолдап, көмек көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді:

- Мемлекет басшысы алдымызға ауқымды міндеттер қойып отыр. Елбасы Жолдауына сәйкес жаңа технологиямен жұмыс істеу, еңбек өнімділігін арттыру, экспортқа бағытталған кәсіпорындар ашу мәселелеріне басымдық береміз. Осы жұмыстардың бәрін де сіздермен бірлесіп атқарамыз деп сенемін, - дей келе, Серік Мұқановтың осыған дейінгі атқарған жұмысына оң баға беріп, алдағы атқарар қызметіне табыс тіледі. Сол сияқты Сұлтан Мырзабекұлының жауапкершілігі зор лауазымды абыроймен алып жүретініне сенім білдірді. 


Көріністер:  4405

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 30.03.2017 19:36

Өзгертілген күні: 30.03.2017 19:37:10

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх