Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -4 oC
Облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәурен Бахтұрұлы Жолжанов облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Дәурен Бахтұрұлы Жолжанов

1970 жылы туған. Алматы сәулет құрылыс институтын, Халықаралық Бизнес академиясын құрылыс инженері, менеджмент мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын СМУ-40 «Алматыпромстрой» тресінің күрделі құрылыс шебері болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы қаласындағы құрылыс саласы мекемелерінде түрлі лауазымдарды атқарды.

Кейін Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, үлестік қатысу бөлімінің бастығы, бюджеттік және коммерциялық құрылыс нысандарын сәулет-құрылыстық бақылау бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс корпорациясы» АҚ менеджері, «Алматы аймақтық өкілдігі» АҚ бас инженердің орынбасары, «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директорының орынбасары, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының күрделі құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, осы басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бастау» МКК «Шығыс» учаскесінің бастығы, Алматы қаласындағы «Артемида» ЖШС архитекторы, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болған.

2018 жылдың қазанынан – облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

 


Көріністер:  1095

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 05.02.2019 17:15

Өзгертілген күні: 06.02.2019 09:16:53

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх