Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -20 oC

Қонысың құтты болсын, Муслима!

Қонысың құтты болсын, Муслима!

Үлкен мереке қарсаңында еліміздің 18 миллионыншы азаматшасы кішкентай Муслиманың жанұясы қоныс тойын тойлады. Коммуналдық көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен үш бөлмелі пәтер кілтін облыс әкімі Амандық Баталов табыстады.

18 миллионыншы тұрғынмен бірге осы күні 100-ден астам талдықорғандықтар жаңа пәтерге қоныстану қуанышына ие болды. Олар енді қаланың Оңтүстік-батыс ауданында бой көтерген 55 пәтерлі коммуналдық және мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған 64 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйде тұрады.

Жаңа қоныс иелерін қуанышты сәттерімен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән беруде. Бүгінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарасаңында, мен сіздерге салтанатты түрде жаңа пәтерлеріңіздің кілтін табыстағаныма қуаныштымын. Осында тұрған баршаңыздың өмірлеріңіздегі ең жарқын сәттердің бірі болған қуаныштарыңызбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым отбасыларыңызда береке-бірлік, ынтымақ пен келісім ұялап, шаңырақтарыңыз шаттыққа тола берсін, - деп ақ тілегін білдірді облыс әкімі А.Баталов.

Жаңа пәтерге ие болғандар қатарында Тәуелсіз еліміздің 18 миллионыншы азаматшасы Муслима Саматқызының ата-анасы Санат Бестібаев  пен Диана Омарханова да бар.

Естеріңізге салар болсақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы тұрғындарының саны 18 миллионды еңсерді. Бұл межеге ағымдағы жылдың 11 мамыры күні жеткен болатынбыз. 2017 жылдың шілде айында статистикалық деректер жарияланып, еліміздің 18 миллионыншы азаматшасы талдықорғандық Муслима Саматқызы екендігін ести салысымен облыс әкімі Амандық Баталов бақытты жанұяның тұрып жатқан жалдамалы пәтеріне барып, жеке басында баспаналары жоқ жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер сыйлайтындығын айтып, қуаныштарын еселеген болатын. Міне, бүгін әкімнің берген сол уәдесі орындалып, кішкентай Муслиманы жаңа пәтерге көшуімен барша туған-туыстарының құттықтауына мүмкіндік жасады.

Айта кетсек, соңғы 5 жылда Талдықорғанда жалпы көлемі 170,2 мың шаршы метр болатын 29 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Бүгінде қалада мемлекет қаржысы есебінен тағы 8 және жеке инвестициялар есебінен 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 


Көріністер:  290

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 30.11.2017 17:28

Өзгертілген күні: 14.12.2017 12:46:04

Тізімге қайта оралу


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх