Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

Орталықтандырылған сумен қамту 91 процентке жетеді

Орталықтандырылған сумен қамту  91 процентке жетеді

Биылғы жылы Алматы облысында жалпы сомасы 8 млрд. теңгеге 69 жоба іске асырылуда. Соның нәтижесінде орталықтандырылған сумен 675 елді мекен қамтылып, сумен жабдықтау деңгейі 91 процентке жетеді, бұл - еліміздегі ең үздік көрсеткіш. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысының əкімі Амандық  Баталовтың қатысуымен өткен брифингіде айтылды.

Сонымен қатар облыс әкімі табиғи газдың жеткізілуі Алматы облысы халқының өмір сүруін жаңа сапалы деңгейге көтергенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 12 аудан мен үш қалада үйлерді газбен жабдықтау желісіне қосу жұмыстары қарқынды жүруде. Биылғы жылы бюджеттен 6,6 млрд. теңге бөлініп, 32 млрд. теңге инвестиция тартылған, яғни 1 теңге бюджет қаржысына 4 теңге жекеменшік қаржыдан келеді. Жыл соңына қарай 800 мың халқы бар 144 елді мекен газдандырылады, газдандыру деңгейі 30,4 процентті құрайды. Сондай-ақ 2020-2022 жылдары"Талдықорған - Үшарал" және "Шелек - Кеген" магистралды газ құбырларын салу жоспарлануда, соның арқасында тағы 93 елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік туады.

 Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі. 

 


Көріністер:  614

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.11.2019 23:57

Өзгертілген күні: 20.11.2019 00:59:23

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх