Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +35 oC

ОТАН ДЕГЕН – ҰЛЫ ҰҒЫМ!

ОТАН ДЕГЕН – ҰЛЫ ҰҒЫМ!

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті жетісулықтар! Қадірлі ел сақшылары!

Сіздерді 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отан деген – әр адамның жанына жайлы, жүрегіне жылы тиер ең асқақ, ең киелі ұғым! Отанға деген сүйіспеншілік, ел мен жерге деген махаббат барша адамзат баласына тән мейірім-шапағаттың ізгі бастауында тұр. Патриотизм, елжандылық қасиеттері қай кезде де адамгершілік ұстанымдарымен ұштасып жатады.

Тәуелсіз Қазақстанның әскери қорғаныс саласы бүгінде қабырғасы қатайған, еңсесі тіктелген, тәртіпке берік, тәлімі мықты салаға айналған. Бүгінде табанды да қайсар мінезді қаншама ұл-қыздарымыз осы салаға саналы ғұмырын арнап, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызға, елдігіміз бен ерен істерімізге қорған болып, күн-түн демей бейбіт тірлігіміздің күзетінде тұр. Мемлекеттің іргесін бүтін сақтау, ондағы әр сәбидің күміс күлкісі мен шат өміріне қылау түсірмей, тыныштығын күзету – баршамыз үшін зор міндет болса, жаужүрек жауынгерлер үшін екі есе жауапкершілік. Осы міндетті қайыспай көтеріп, абыроймен арқалап келе жатқан әскери қызметшілердің қай-қайсысы да Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейтін қанатты сөзін қаперінде ұстайтыны анық.

Жалындаған жастарымыздың отансүйгіштік рухта өсіп-ер жетуіне, оларға патриоттық тәрбие беруде әскери мамандардың тигізетін ықпалы зор. Сондықтан Отан қорғаушы азаматтарға лайықты сый-құрмет көрсету, олардың өмір жолын, жасаған ер­ліктерін өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге ретiнде дәріптеу – біздің асыл парызымыз.

Осы мерейлі мерекеде баршаңызға ашық аспан, бейбіт ғұмыр, жемісті еңбек тілеймін!

Армиямыздың айбыны асқақ, қарымы мықты, рухы биік болсын!

Мереке құтты болсын!


Көріністер:  800

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 06.05.2019 18:37

Өзгертілген күні: 15.05.2019 12:06:54

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх