Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -11 oC

Панфилов ауданында тұрғын үйлер берілді

Панфилов ауданында тұрғын үйлер берілді

Бүгін Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылында 60 пәтерлі коммуналдық екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қоныстой иелерін облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов құттықтады.

- Сіздерді облыс басшылығының атынан бүгінгі қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларының бірі - халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облыста бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін, міне, 60 пәтерлі екі коммуналдық үйді пайдалануға бергелі отырмыз. Жаңа пәтерлеріңіздің іші әрқашан қуаныш пен шаттыққа толсын, - деді өз құттықтауында А. Байжанов.

Шашу шашылып, қонақтар бірнеше пәтерлерге кіріп шықты.

Жалпы Панфилов ауданы Пенжім ауылындағы 60 пәтерлік екі коммуналдық тұрғын үй Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде салынды.

Пәтерлердің жалпы алаңы - 6341,68 шаршы м., 1 бөлмелі пәтерлер саны – 28, олардың алаңы - 39,04-42,75 м2, 2 бөлмелі пәтер саны – 32, алаңы - 61,56-64,77 м2. 

Сметалық құны – 885,5 млн. теңге, құрылысын «New Construction» мердігер мекемесі жүргізді. Тұрғын үйлердің құрылысы 2015 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Тұрғын үйлер инженерлік-коммуникациялық жүйелермен толық қамтамасыз етілген. 


Көріністер:  96

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 09.11.2017 16:03

Өзгертілген күні: 09.11.2017 16:14:11

Тізімге қайта оралу


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх