Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +26 oC
Облыста мәдениет күндері қорытындыланды

Облыста мәдениет күндері қорытындыланды

Облыста мәдениет күндері қорытындыланды

Биыл Алматы облысының бастауымен қолға алынған аудандар мен қалалардың Мәдениет күндері 10 жыл қатарынан өткізіліп келеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Үстіміздегі жылы бұл шарада Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Жетісудың даңқты перзенттері Сүйінбай Аронұлының 200, Қанабек Байсейітовтың 110, Нұрғиса Тілендиевтің 90, Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойлары басты тақырыптар ретінде жан-жақты кеңінен қамтылды.
Биылғы жылдың Мәдениет күндері ерекше форматта өткізілді, яғни аудан-қалалар екі топқа топтастырылып, өнер додасына түскен болатын. Міне бүгін «Жастар» спорт сарайында сол мәдени шараның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс әкімінің арнайы марпаттарына ие болды. Атап айтқанда, 3 орын және облыс әкімінің дипломы мен 300 мың теңге ақшалай сыйлығына ие болған Көксу және Қаратал аудандары, 2 орын және облыс әкімінің дипломы мен 500 мың теңге ақшалай сыйлығына ие болған Текелі қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданы, 1 орын және облыс әкімінің дипломы мен 700 мың теңге ақшалай сыйлығына ие болған Қарасай және Жамбыл аудандары, екі топ бойынша Гран при жүлдесіне ие болған Кербұлақ және Талғар аудандары облыс әкімі Амандық Баталовтың қолынан су жаңа автокөліктің кілтін иеленді. Сонымен қатар Мәдениет күндеріне белсене қатысқан аудандар да ескерусіз қалмады, ынталандыру жүлдесіне ие болған Ескелді, Алакөл, Сарқан, Ақсу, Ұйғыр, Райымбек және Іле аудандарына облыс әкімінің алғыс хаты мен 150 мың теңге, арнайы жүлдеге ие болған Панфилов, Балқаш, Қапшағай аудандары мен Талдықорған қаласына облыс

әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сыйлық табысталды.
Облыс әкімі А.Баталов өзінің құттықтау сөзінде:
- Жетісу – өнердің алтын бесігі, ұлы даналар мен бабалар елі. Бұл мекен – Ескелді, Балпық бидей данышпанын, Молықбайдай күйшіні, Сұраншы, Саурық, Райымбек, Қарасай, Наурызбай, Қабанбайдай батырын, сөздің пірі - Сүйінбайды, жыр алыбы Жамбылды, Әбілхандай ұлы суретшісін, Сара, Ілияс, Мұқағали, Жұматайдай жүйрік ақынын, Нұрғисадай дара ұлын, Дәнештей дүлдүл әншісін, Бердібектей наркескен жазушысын дүниеге әкелген қасиетті жер.
Осындай талантты ұлылардың өнерін жалғастырып келе жатқан өнерпаздарды – қалай құрметтесек те жарасады.
Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында: «Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік», - деген болатын.
Сіздер арқылы халқымыздың мәдениеті мен өнері көпке танылады. Сондықтан да Сіздердің атқарып жатқан игі істеріңізге сәттілік тілеймін.
Өнердің өресі биік, айдыны кең болып, еліміздің рухани байлығы сарқылмасын демекпін!
Аудан, қалалардың мәдениет күндерінің мақсаты – Өңіріміздің мәдени дамуын, жаңа жетістіктерін көрсету, саланың материалдық-техникалық базасын нығайту, әншілердің, өнер ұжымдарының шеберліктерін шыңдау, дарынды жастарға қолдау білдіру, халық арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың ұлттық өнерден, салт-дәстүрден рухани азық алуына мүмкіндік жасау және ұлттық өнерді кеңінен насихаттау болып табылады.
Естеріңізге салар болсақ, бүгінде облысымызда 563 мәдениет, мұрағат мекемелері қызмет көрсетеді.
Оның ішінде: 246 мәдениет үйлері мен клубтар, 268 кітапхана, 21 музей 2 галерея, 19 мұрағат, Б.Римова атындағы облыстық драма театр, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығы орталығы, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы, «Алатау әуендері» концерттік бірлесітігін «Қолаң саз» фольклорлық - этнографиялық ансамблі бар.
Биылғы жылы 4 мәдениет мекемелері ашылды. Олар: Панфилов ауданындағы Диханқайрат ауылдық клубы мен кітапханасы, Талдықорған қаласы Еңбек, Қаратал ауданы Қарқұм ауылдық клубтары.
Мәдениет күндерінің жүйелі ұйымдастырылуы нәтижесінде өңірлердің өзара бәсекелестіктері артып, аудандар мен қалалар бір-бірінен қалыспай, өткізіп келе жатқан әр шараның мәні мен мағынасы жыл сайын өсіп келеді.

Көріністер:  4938

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 03.12.2015 18:44

Өзгертілген күні: 21.12.2015 15:45:16

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх