Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +14 oC
Пойыз бен автобус соқтығысуы салдарынан зардап шеккен балаға операция жасалды

Пойыз бен автобус соқтығысуы салдарынан зардап шеккен балаға операция жасалды

Пойыз бен автобус соқтығысуы салдарынан зардап шеккен балаға операция жасалды

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы Ақсеңгір – Шамалған өткелінде жолаушы пойызы мен автобустың қақтығысуы салдарынан зардап шеккен үш адамның денсаулық жағдайы туралы жаңа мәліметтерді ұсынды.   

Белгілі болғандай, Қарасай аудандық орталық аурухананың базасында Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы мен Алматы қалалық № 1 клиникалық аурухананың дәрігерлері зардап шеккен 2014 жылғы қыз балаға операция жасады, әзірге баланың жағдайы ауыр. Ал 2016 жылғы бүлдіршіннің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Екі пациент те комада, жасанды демалдыру аппараттары қосылған. Ал аналарының жағдайы тұрақты ауыр.

Зардап шеккендерге медициналық көмекті жұмылдыру үшін Алматы облысы мен Алматы қаласындағы білікті мамандар тартылды. Олар - Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының, Алматы қалалық № 1 клиникалық ауруханасының балалар және үлкендер нейрохирургтары, травматологтары мен реаниматологтары. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде.

Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынған, пациенттер жағдайы туралы сағат сайын хабарланып отыр.

Еске салсақ, 15 қыркүйек күні кешкі сағат жетілер шамасында «Алматы - Қостанай» бағытындағы № 43 жолаушылар пойызы мен «Алматы - Қаскелең» бағытындағы «Сетра» маркалы автобус соқтығысып, соның салдарынан автобус жүргізушісі мерт болып, 3 жолаушы - 1986 жылғы әйел адам мен оның 2014 және 2016 жылы туған балалары зардап шеккен. Автобуста жалпы саны 67 адам болған. Соқтығысу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Көріністер:  953

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 16.09.2019 11:59

Өзгертілген күні: 16.09.2019 12:01:50

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх