Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC
Президенттің бағдарламалық мақаласына пікірлер

Президенттің бағдарламалық мақаласына пікірлер

Президенттің бағдарламалық мақаласына пікірлер

***********

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласы болашақтың айқын жолына бағытталған. Ма­қа­лада «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың ке­мелденуін білдіреді», – деген жолдар бар. Міне, осы тұрғыда біздің атқа­ратын және атқарып келе жатқан жұмыс жетерлік. Мәселен, ұлт­тық құндылықтарымызды сақтай оты­рып, оның кемелденуіне жағ­дай жасау керектігі айтылады. Мы­салға спорттық салада да ұлты­мыздың айбарын асыратын мә­селелер көп.

Оның бірі төл өнеріміз - ұлт­тық спорт­тық ойындар. Бұған дейін де бұл сала  өз бағы­тымен жүріп келеді десек, Елбасының көр­сеткен бағдарынан кейін өзі­нің өмір­шең­дігін айқындап, қо­ғам­да ауқы­мы кеңи түсетіні анық. Ал «Туған жер», «Туған жерге туыңды тік» деген міндеттері әр азаматтың бой­тұмары болу керек деп есептей­мін. Қазақ­станның әрбір азам­аты­ның кіндігі ауылмен байланысты. Осы ретте туған жерге деген ерекше көзқарас таны­тып, үнемі байланысты үзбеу керектігін ай­тып отыр. Туған ауыл, өскен жеріңе жасаған жақсылығың туған Отаныңа істеген игі ісің екені анық. Осы арқылы біздер пат­рио­тизмді қалыптас­тырып, елдің дамуына өз үле­сімізді қоса ала­мыз. Бұл тұрғыда облы­сымызда ауыз толтырып айтатын істер атқарылды. Мысалы, әркез жүрегі ел деп соққан, жаны жо­март жанның бірі Бауыржан Ос­па­нов Жыланды, Лепсі ауылында спорт интер­натын ашып, жастардың шың­далып шы­ғуына жағдай жасап отырса, Сар­қан қала­сында Е. Қожасбаевтар спорттық мектепті жөндеуден өткізіп, жас чем­пион­дарға мүм­кіндік туғызуда. Үнемі ауылмен байланыс жасап, қолдауын үзбе­ген аза­маттар әлі де талай істі атқаратыны сөзсіз. Міне, Елбасы осындай азаматтарды елге насиха­ттап, болашақта қатарын көбей­туді және осын­дай ұлық істі атқа­руға сіздің де, менің де атсал­ысуымызды меңзеп отыр. Бұл біздің басты міндетіміз бен пары­зымыз болу керек. Ұлттық сананы жаңғырту арқылы ұлтқа қызмет етеміз.

Тұратбек Шарапиев,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.


***********

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізді жаңа қырынан танытуға баса көңіл бөлінген. Онда 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастау қажеттілігі айтылған.

Осыған байланысты мақалада: «Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында бала­ларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үй­реніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, ке­дергілер болмақ емес. Жыл аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқу­лықтарды дайындауға кірісуіміз қажет» делінген.

Жалпы, латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім деп ойлаймын. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжып, дамыған елдердің қатарынан орын алуымызға зор мүмкіндік. Сонымен бірге, бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр. Бір сөзбен айтқанда, латын әліпбиіне көшу еліміз, ұрпағымыз үшін өте маңызды. Сондықтан бұл өте дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймын.


Жандос Нұрғазинов,

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

облыстық филиалының бас менеджері


Көріністер:  251

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 15.04.2017 11:50

Өзгертілген күні: 18.04.2017 16:44:02

Тізімге қайта оралу


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх