Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC
Ойжайлауда экотуризм насихатталды

Ойжайлауда экотуризм насихатталды

Ойжайлауда экотуризм насихатталды

Жетісу өңірінің тұмса табиғаты кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Алматы облысының əкімдігі елімізде алғаш рет қолға алынған ерекше шара ұйымдастырды.

Облыстың көрікті жерлерінің бірі саналатын Алакөл ауданы Лепсі ауылынан Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы облысы əкімінің орынбасары Жақсылық Омар, «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма кеңесінің төрағасы Сауат Мыңбаев, танымал меценат, «Жерсу» корпорациясының басқарма кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов, əлемдік деңгейде мемлекетіміздің туын биікте желбіретіп жүрген атақты спортшыларымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам, ММА аралас жекпе-жегінің өкілі Арман Оспанов, 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев сынды елге танымал азаматтар сəйгүліктерін сайлап, құмай тазыларын ертіп, бүркіттерін қолдарына қондырып, қарияның ақ батасын алып, тау жотасындағы Жамантас жайлауына қарай бет алды.

30 шақты салт атты 4 сағатта 50 шақырым жолды атпен бірде шауып, бірде желіп отырып, бір тоқтамастан 125 бұрылыстан тұратын Жоңғар Алатауының Солтүстік сілемдерін бойлай, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан Жамантас жайлауына да жетті.

Осы сапарда ЭКО-туризм мен экстремалды туризмді дамыту, Қазақстанның туристерге тартымдылығын арттыру бағытында қолға алынуы тиіс жобалар жайында әңгіме өрбіді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл шараның ең басты мақсаттарының бірі – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ата дәстүрді жаңғырту, оны кеңінен насихаттау арқылы шетелдіктердің біздің елімізге қызығушылығын арттыру, сондай-ақ Қазақстанның туризмдік әлеуетін әлемге паш ету болып табылатындығын жеткізді.

Жамантастың көк шалғын жайлауында 10 мыңға жуық түйе, жылқы, асыл тұқымды мүйізді ірі қара мен ұсақ малдың түр-түрі жайылып, жайлаудың қақ ортасына ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, дәстүрлі әндер айтылып, көкпар тартысты.

Нағыз қазақтың ауылы мен жайлауын көріп, таза ауамен тыныстап, табиғаттың қайталанбас көріністерін өз көзіңізбен тамашалап, атқа мініп серуендеп, таза қымыз бен шұбаттан дәм татқыңыз келсе Алакөлдің жайлауларына жол тартыңыз.



Көріністер:  826

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 06.08.2018 09:33

Өзгертілген күні: 07.08.2018 16:49:27

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх