Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

Райымбек ауданының халқы жасалып жатқан істерге дән риза

Райымбек ауданының халқы жасалып жатқан істерге дән риза

Жаңадан құрылған Райымбек ауданға жұмыс істеуге келген мамандарға арналған 20 тұрғын үйдің кілті осы жылдың қараша айында беріледі. Келесі жылы тағы 83 үйдің құрылысын бастау жоспарлануда. Жалпы, алда барлық мемлекеттік қызметкерлерді толықтай баспанамен қамтамасыз ету жоспары тұр. Мемлекеттік қызметкерлердің 90% - Райымбек ауданының азаматтары. Олардың басым көпшілігі - жастар. Қаладан белгілі бір маман иесі атанып, білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырып, ауылға қайта оралып жатқан мамандар аудан болашағының баянды боларына нық сенімді.

Аудан әкімі Жолан Омаров аудан құрылған 6 айдан бергі атқарылған жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, жаңадан құрылған ауданда әлеуметтік нысандарды, әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу, жаңадан салу жұмыстарын жергілікті атқарушы орган, демеушілер мен ауыл азаматтары бірлесіп атқаруда. Атап айтсақ, аудандық әкімдік ғимараты мен 15 республикалық мемлекеттік мекемелердің аудандық бөлімдері мен өкілдіктері отыратын ғимараттар белгіленіп, қазіргі уақытта олардың тиісті құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сондай-ақ аудандық Мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.

«Демеу» акциясы аясында облысымыздың әрбір аудан-қаласы да жаңа құрылған ауданға қол ұшын созуда. Мәселен, 3 жерге балаларға арналған ойын алаңдары мен бірнеше спорт алаңдары салынды. Ескірген тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, сылақтары жаңартылды. Көшелерге жарық шамдары орнатылуда. Көше бойымен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынды. Жол қиылыстарына бағдаршамдар қойылды.

- Аудан орталығындағы апатты жағдайдағы ғимараттар сүрілуде. Аудан орталығында жаңа емхана салуға қаражат бөлініп, құжаттары әзірлену үстінде. Аудандағы 54 шақырым жолдың 16 шақырымына асфальт төселді. Биылғы жылы тағы ондаған шақырым жолдарға асфальт төсеуге қаражат бөлінді. Жағдайдың жақсарып, тұрмыстың түзеле бастағанын естіген жастар ауылдарына оралып, қара шаңырақтарын жөндеуден өткізіп, қайта қоныстануда. Пайдаланылмай жатқан 16 мың гектар жер телімін мемлекетке қайтарылып, нақты қолынан іс келетін, инвестициясын құйып, аудан экономикасына үлесін қосатын еңбекқор азаматтарға қайта беруге кірістік. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келуші мамандарға төленетін төлемдердің көлемі де өсті. Сондай-ақ 500 гектар аумаққа қарақат егу жоспары бар. Оған қажетті жер телімі бөлініп, жері жыртылып, қажетті техниканың бәрі ауданға жеткізілді. Таңқурай егуге де жер қарастырып қойдық. 400 басқа шақталған сүт-тауарлы ферма ашуға дайындық жұмыстары басталып кетті.

Бұл ауданның аумағында әлемге белгілі Хан Тәңірі шыңы орналасқан. Оны Қырғызстан мен Қытай жақтан келіп тамашалауға қызығатын азаматтар көп. Сондықтан ауданда тау туризмін дамытуға үлкен ден қоя бастадық. Одан бөлек биік Мәрмәр қабырғасы бар. Біз эко-туризм мен альпинизмді дамытуды жоспарға алып отырмыз. Биік шыңды бағындырғысы келетіндерге қажетті инфрақұрылымды жүргізіп, 23 шақырым жолын жөндеп, туристерді тартуға ынталымыз, - деп атап өтті аудан әкімі.

Тағы бір белгілі болғаны, ауданға кең жолақты интернет желісі тартылып жатыр. Ауылдан шыққан меценат азаматтар оқушылар арасында республикалық байқау ұйымдастырып, жеңімпаздарды өз қаражаты есебінен шет елде оқытуға ниетті. Бұл атқарылып жатқан істердің бір сыпырасы ғана. Алда талай зор мақсаттар мен үлкен жоспарлар тұр. Ең бастысы халықтың ауданда атқарылып жатқан істерге көңілі толып, өздері де көмек қолын созуға деген құлшынысы қуантады.


Көріністер:  209

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 11.10.2018 14:43

Өзгертілген күні: 11.10.2018 17:26:14

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх