Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +5 oC
Әрбір дауыс - еліміздің болашағы үшін!

Әрбір дауыс - еліміздің болашағы үшін!

Әрбір дауыс - еліміздің болашағы үшін!

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы үндеуін жолдап, онда ел Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын биылғы жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдағанын айтты.

Бұл тағдыршешті шешімді дер кезінде және дұрыс қабылданған деп есептеймін. Елбасы жариялаған Жастар жылында бізге өзіміздің азаматтық позициямызды білдіріп, мемлекетіміздің болашағы үшін сайлауға белсене қатысу мүмкіндігі туып отыр.

Сайлауға қатысу – бұл Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы мен өз еркін білдіруге деген мүмкіндік. Біз жасауға тиіс алғашқы қадам - сайлау учаскелеріне келіп, өз дауысымызды президенттікке лайықты кандидатқа беру. Бұл – сырттай бақылап, шет қалуға болмайтын маңызды саяси оқиға. Өйткені еліміздің болашағы қандай болатыны республикамыздың әрбір тұрғынының таңдауына байланысты.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикамызды әлемге танытты, беделін өсірді, көреген де салиқалы саясатының арқасында талай биіктерге бастап шығарды. Осы дамудың даңғыл жолын одан әрі жалғастыру үшін біз сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауымызды жасауға тиіспіз.

Айдана Арсалан,

Алматы облысы бойынша жастар

ресурстық орталығының баспасөз хатшысы


Көріністер:  197

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 09.04.2019 16:03

Өзгертілген күні: 10.04.2019 12:04:46

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх