Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC

Бағдарлама аясында 8 мың іс-шара өткізілді

Бағдарлама аясында 8 мың іс-шара өткізілді

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттаған 21 журналист тұңғыш рет арнайы «Самғау» сыйлығымен марапатталды. Марапат 7 номинация бойынша өтіп, жүлде қоры 7 млн. теңгені құрады. Енді бұл премия жыл сайын берілетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Сонымен қатар «Ақ қауырсын» әдеби сыйлығы да облыста алғаш рет тағайындалып, бұл марапат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісу көктемі» атауымен өткен жас әдебиетшілердің І форумында табысталды.

Жалпы атап өтсек, Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы туралы БАҚ-та 8 773 мақала жарық көріп, өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында 59 брифинг өткізілген.

«ВВС» телерадиокорпорациясымен бірлесіп «Жетісу» бейнеролигі түсірілді, оны бүгінге дейін жер шарының 470 миллион көрермені тамашалады. Қазір екінші бейнероликті түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Өңірдің туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында облыстық «Жетісу» телеарнасы мен жас таланттар бірлесіп «Welcome to Zhetysu» көркем фильмін түсірді.

- Жалпы облыста өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 8 мың іс-шара өткізіліп, оған 1 млн. адам тартылды, - деп атап өтті облыс әкімі А. Баталов.


Көріністер:  402

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 25.05.2018 13:33

Өзгертілген күні: 25.05.2018 13:46:30

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх