Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC

Рухани жаңғыру - жалпыхалықтық іс

Рухани жаңғыру - жалпыхалықтық іс

Бүгінгі жаһандану заманында төрткүл дүниенің барлық саласында күнделікті өзгерістер болып жатқанына баршамыз куәміз.  Сынаптай сырғып өтіп жатқан өміріміздің кезек күттірмейтін мәселесі Елбасының 2012 жылғы желтоқсанда жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігі» туралы мәлімдемесі болатын. Кеше ғана Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды және 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы  бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды тапсырды. Қазақ жазуын қазақ әліпбиіне көшіру рухани өміріміздегі елеулі оқиғалардың бірі болғалы отыр. Латын әліпбиі - қазіргі заманда әлем жұртшылығының 70 пайызға жуығы қолданып отырған кең тараған әліпби. Бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтың көпшілігімен еркін қарым-қатынас жасап, әлемдік ақпараттық кеңістікке кең жол ашуымызға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, әліпбиді ауыстыру шұбар тілден арылуға, түркі әлемінің жазу жүйесінде бірізділікті сақтауға, әлемдік  ақпаратты алмасу жүйесінде бірізділікті сақтауға мүмкіндік береді. Бұл шара жалпы халықтық іс, керек десеңіз ұлттық мәселе екенін баршамыз түсініп, әр қазақстандық өз үлесін қосуға тиіс деп ойлаймын. Әрқайсымыздың отансүйгіштігіміз, тілімізге деген құрмет нақ осындай киелі істе көрініс табары анық.


Теберіков Жекен Молдағалиұлы,

зейнеткер.


Көріністер:  1645

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 14.04.2017 14:28

Өзгертілген күні: 14.04.2017 14:40:54

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх