Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

Сенат депутатын сайлады

Сенат депутатын сайлады

Бүгін Талдықорған қаласының І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс мәслихаттарының бірлескен отырысы өтті.

Жиынды жүргізген облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Мұқановтың айтуынша, облыстағы түрлі деңгейдегі мәслихаттарда жалпы саны 334 депутат болса, бүгінгі жиынға 324 депутат қатысты.

Басқосудың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау мәселесі қаралды.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов баяндама жасап, сайлауды өткізу тәіртібі туралы түсіндіріп өтті.

Жалпы Сенаттың шығып қалған депутатының орнына екі кандидат -Ескелді ауданының әкімі Нұрлан Қылышбаев және кәсіпкер Ермек Мұжықов тіркелген.

Облыстағы мәслихаттар депутаттарының қолдарына бюллетень таратылып, олар арнайы қойылған кабиналарда өз таңдауларын жасады.

Сайлау барысында 288 депутат Нұрлан Қылышбаевқа, 35 депутат Е.Мұжықовқа дауыс берген. 1 бюллетень жарамсыз деп танылды. Сөйтіп, сайлау қорытындысында басым дауыспен Нұрлан Қылышбаев Сенат депутаттығына Алматы облысынан сайланды.

Жиын соңында облыстық мәслихат хатшысы Серік Мұқанов, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт жаңадан сайланған депутатқа құттықтау тілектерін айтса, Н. Қылышбаев өзіне білдірген сенімі үшін көпшілікке ризашылығын жеткізді


Көріністер:  4800

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 01.07.2016 14:49

Өзгертілген күні: 01.07.2016 15:47:59

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх