Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +14 oC
Үштөбе қаласында берілген пәтерлер кілтіне қатысты ақпарат

Үштөбе қаласында берілген пәтерлер кілтіне қатысты ақпарат

Үштөбе қаласында берілген пәтерлер кілтіне қатысты ақпарат

2019 жылы облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңге бөлініп, Үштөбе қаласындағы «Шаңырақ» шағын ауданынан 40 пәтерлі тұрғын үй сатып алынды. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Үштөбе қаласында 60 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы 409,332 млн. теңгеге жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Биылғы жылдың 6 шілдесінде елорда күні мерекесіне орай ауданның тұрғындарына салтанатты түрде пәтер кілтін табыстау шарасы өткізілді. Шараға облыс әкімі А. Баталов қатысып, 60 пәтерлі үйде 8 тұрғынға, 40 пәтерлі үйде 7 тұрғынға пәтер кілттерін салтанатты түрде ұсынып, қоныс тойымен құттықтады.

Қаратал аудандық әкімдігінің хабарлауынша, сол күні салтанатты шарадан кейін пәтерлердің кілттері иелеріне түгелдей табыс етілді. «Жаңа пәтер кілттерін ешкім қайта жинап алған жоқ. Екі көппәтерлі тұрғын үй барлық коммуникация жүйелеріне қосылған», - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Аталған үйлер кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді. Олардың басым бөлігі - жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, толық емес және көпбалалы жанұялар, І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалы отбасылар, ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілгендер.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-тарда Қаратал ауданы Үштөбе қаласында жаңадан берілген пәтерлердің кілтін аудандық әкімдік өкілдері қайтарып алды деген ақпарат жарық көрген болатын. Аталған факт расталмады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.



Көріністер:  856

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 18.09.2019 17:17

Өзгертілген күні: 18.09.2019 17:21:31

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх