Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC

Үштөбе қаласында 100 отбасы баспаналы болды

Үштөбе қаласында 100 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан күні мерекесі күні Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында шаттық шалқыған күн болды. «Жердегі бір періште қуанса, аспанда мың періште қуанады» - дегендей, айтулы мерекеге орайластырып Үштөбе қаласында бой көтерген жүз пәтерлі үй өз иелерін тауып, көп балалы аналар мен кішкентай періштелер қуанышқа бөленді.

«Шаңырақ шағын ауданы мен Ақын Сара көшесінде бес қабаттан тұратын екі үйдің кілті табыс етілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов арнайы келіп, шаңырақ иелерін құттықтап, 100 отбасыға пәтер кілтін табыс етті. Пәтер кілтіне ие болғандардың басым көпшілігі көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар және балалар үйінде тәрбиеленгендер. Сонымен қатар көп жыл пәтер кезегінде тұрған адамдар шаңырақтың иесі атанды.

Салтанатты шарада Амандық Ғаббасұлы қараталдықтарды айтулы мерекемен құттықтап, облыс бойынша атқарылып жатқан жұмысқа аз-кем тоқталды.

"Мемлекетімізде халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы қарқынды жүргізілуде. «7-20-25», «Бақытты отасы», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында облыс тұрғындары баспанамен қамтылуда. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда көп балалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты назарда. 2019 жылы облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңгеге бөлініп, Үштөбе қаласы «Шаңырақ» шағын ауданында 40 пәтерлі тұрғын үйі сатып алынды. Сонымен бірге 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлік жалгерлік тұрғын үй 412,4 млн. теңге салынды. Осы пайдалануға берілетін 40 және 60 пәтерлі тұрғын үйдің 25-і көпбалалы отбасыға беріледі. Облыс бойынша кәсіпкерлер тарапынан көпбалалы отбасыларға 116 пәтер және тұрғын үйлер беріліп, қаншама отбасылар бақытқа кенелді" - деп атап өтті Амандық Баталов.

Расында да, жаңадан бой көтерген 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй кірге жанның жүрегін жылытады. Заманауи талаптарға сай салынған үйдің іші жарық, бөлмелері кең, ауласы да тұрғындарға қолайлы. «Шаңырақ» шағын ауданындағы 40 пәтерлі үйдің ауласына қосымша ақша бөліп, балаларға арналған ойын алаңшасын жасатып беретінін облыс әкімі Амандық Баталов сөзінің соңында жеткізді. Мұндай жағымды жаңалықты естіген тұрғындар қуанышына қуаныш қосып, шаттықтары еселене түсті. Пәтер кілтін өз қолымен табыстағанан кейін облыс әкімі Амандық Баталовқа аудан ақсақалы Болатқали Жұлынов және пәтер иесі, мүмкіндігі шектеулі жанның анасы Әйгерім Байгутдинов алғысын айтып, өз ризашылықтарын жеткізді. Мұнан соң өңір басшысы есігін айқара ашқан үйдің ішін аралап, шаттыққа бөленген шаңырақ иелерін құттықтап шықты.

 Ришад Тұрғанбаев


Көріністер:  1350

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 09.07.2019 11:00

Өзгертілген күні: 23.08.2019 17:14:44

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх