Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +32 oC

Тұлпарлардың тұяғы «Көкбастауда» дүбірледі

Жиналған жұртты көп күттірместен мереке басталып та кетті. Жүргізушілердің таныстыруынан кейін тұлпарлар жарыс алаңына шықты.
Жарыс бағдарламасы бойынша негізгі бәйгелердің арасында қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, көкпар сияқты қазақтың ұлттық ойындары көрсетілді. 
Дүбірлі додадағы 11 шақырымдық құнан бәйгеде Қарасай ауданынан келген Серікұлы Шермұхамет шабандоз бірінші келіп, «Дэуо Нексиа» автокөлігіне ие болды. 
Сол сияқты 16 шақырымдық топ бәйгеде бас жүлде Қарасай ауданының шабандозы Рамазан Күрішбайға, жорға жарыста Қарасай ауданының шабандозы Темірбеков Мейрамбекке беріліп, жеңімпаздар жеңіл авто көліктерге ие болды.
Ал 25 шақырымдық аламан бәйгеде өзгелерден қара үзіп шыққан Жамбыл облысының шабандозы Бектенов Олжас «Атила» сәйгүлігімен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогын иеленіп, «Уаз Патриот» жеңіл автокөлігінің иегері атанды. Екінші, үшінші орын иегерлеріне де ақшалай сыйлықтар мен жеңіл автокөліктер берілді. 
Тартымды да тартысты өткен бұл мереке ипподромға жиналған жылқы десе жеген асын жерге қояр жұртшылық әр аттың шабысы мен күшін сараптап, баға беріп, жиі-жиі ыстық қолдауларын білдіріп, үйлеріне көңілдері толы тарқасты.


Көріністер:  1949

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 29.08.2015 16:56

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:59

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх