Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +5 oC

Табиғи газ - әр үйге

Табиғи газ - әр үйге

Жуырда көптен күткен көгілдір отын Қапшағай қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданына жеткізіліп, автоматты газ бөлу станциясын іске қосу салтанаты өтті. Бұл қуанышты жағдаймен тұрғындарды облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов құттықтады.

Еңбекшіқазақ ауданын газдандыру жобасын жүзеге асыру аудан орталығы Есік қаласынан басталды. Есік қаласындағы АГТС құрылысы 2016 жылы аяқталып, биылғы жылдың көктемінде аяқталған болатын. Жоба құны 4,2 млрд. теңгені құрайды. АГТС қуаттылығы -  сағатына 50 мың текше метр, бұл өз кезегінде 109 көп қабатты үйді, 5979 жеке үйлерді, 3880 әлеуметтік-тұрмыстық сектор нысандарын, 4 өнеркәсіп орнын көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді.

Есік қаласындағы абоненттердің жалпы саны - 12781 бірлік. Жуық  арада Шелек қаласында АГТС іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Қапшағай қаласын газдандыру процесіне инвестор «КазМезГаз» ЖШС зор үлес қосты.

- Жергілікті атқарушы органдар мен инвесторлардың бірлесе атқарған жұмысының арқасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде «Байсерке-Қапшағай» магистралды газ құбырының және Қапшағай қаласындағы газ тарату жүйесінің құрылысы жүзеге асты. Енді жуық жылдарда Қапшағайдағы 282 көпқабатты үй, жеке сектордағы төрт мыңнан астам үй, 20-дан астам кәсіпорын табиғи газға қосылатын болады, - деді А.Байжанов.

Сөйтіп мемлекет қолдауымен және облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрақты қадағалауының нәтижесінде Жетісу өңірін газдандыру жобасы өзінің сәтті жалғасын тауып келеді.


Көріністер:  2946

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 16.11.2017 15:56

Өзгертілген күні: 16.11.2017 15:57:42

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх