Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +30 oC
Талдықорған жастары мюзикл түсіріп, туған қаласын насихаттады

Талдықорған жастары мюзикл түсіріп, туған қаласын насихаттады

Талдықорған жастары мюзикл түсіріп, туған қаласын насихаттады

Жастар Талдықорған қаласын насихаттаудың тың жолын тапты. «I love Taldykorgan» мюзиклі түсіріліп, аталмыш фильмнің премьералық көрсетілімі Талдықорғандағы «Атамекен» кинотеатрында өтті. Түсірілімнің шығармашылық тобын облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

«I love Taldykorgan» мюзиклі – туған жерге, туған елге, туған қалаға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын, отбасылық құндылықтар мен бауырластық идеяларын алға шығарған 50 минуттық фильм.

Басты кейіпкерлердің өмір тарихын ән-бимен аша отырып, табиғаттың әсемдігімен, қаланың көрікті ажарымен тамаша үйлесімде бере білген. Фильм ішінде облыс орталығының басты көрнекті орындары мен жаңа нысандары, соның ішінде әуежай, Қаратал өзенінің жағалауы, «Жастар» саябағы, Оқушылар сарайы және басқа да нысандар көз тартады.

Фильм режиссері – Ерлан Ошақбаев, сценарий авторы – Медет Құрманов пен Әділбек Әбілов. Басты рөлдерді Ерік Хами және Карина Жұмалиева сомдады. Сол сияқты мюзиклда Бексұлтан Қазыбек пен Аян Төлепберген де ойнаған.

Фильм аяқталғанда көрермендер дуылдата қол соғып, өздерінің ыстық ықыласын білдірді.

Жастардың маңызды жобасына қолдау білдіргені үшін жастардың атынан фильмнің режиссері Ерлан Ошақпаев облыс басшылығына алғысын жеткізді.

Көрсетілімнен кейін сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов:

- Мюзикл көңілді әрі шынайы фильм болып шыққан екен. Талдықорған – өте әдемі қала, жуырда журналистерге берген сұхбатында Елбасы Талдықорған туралы жақсы пікірін білдірді. Біз сол бағаға қуанып қана қоймай, соған лайық бұдан әрі де жұмыс жасауға тиіспіз. Бүгінгі фильмде тек қаланы ғана емес, оның ең басты байлығы – оның мейірімді де дарынды тұрғындарын да көрсете білдіңдер. Креативті ойларың үшін көп рахмет айтамын. Біз өз тарапымыздан жастардың бастамаларын қашанда қолдаймыз. Осы жылды Президент Жастар жылы деп жариялады. Бұл жыл өз мүмкіндіктеріңді барынша ашуға мүмкіндік беретін ерекше жыл болмақ. Сендерге шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілеймін, - деді.

Атап өтсек, бұл - Жетісу жастарының облыстық ішкі саясат басқармасымен бірігіп түсірген үшінші фильмі. Мюзикл Талдықорған қаласы мен оның маңында 15 күн ішінде түсірілген.


Көріністер:  1061

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 09.01.2019 18:23

Өзгертілген күні: 10.01.2019 09:46:17

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх