Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -15 oC
Талдықорғанда 510 орындық жаңа драма театры ашылды

Талдықорғанда 510 орындық жаңа драма театры ашылды

Талдықорғанда 510 орындық жаңа драма театры ашылды

Бүгін Талдықорғанда 510 орындық жаңа драма театры ашылды. Көрермендердің қызу ықыласымен қызыл кілімде театр және кино актерлері, шара қатысушылары мен қонақтары жүріп өтті. Салтанатты шараның құрметті қонағы ретінде көрнекті өнер қайраткері, театр және кино актері, режиссер, сценарист, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов құттықтау сөз сөйледі. Мұнан соң сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов қалалықтар мен қала қонақтарын айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтап, тілегін жеткізді. Атап өтсек, театрдың ашылуы Талдықорғанда басталған Орта Азия елдерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты VII Халықаралық театр фестивалімен тұспа-тұс келді.

Өз құттықтауында Амандық Баталов жаңа театрдың ерекше сәулеттік және құрылыстық ескерткіш екенін атап өтті.

-  Баршаңызды жаңа театр ғимаратының ашылуымен және Орта Азия елдерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты VII Халықаралық театр фестивалінің басталуымен құттықтаймын. Бұл жобаның жүзеге асуына Мемлекет басшысы зор қолдау көрсетті, міне, бүгін жоспарларымыз жүзеге асып отыр. Сіздердің аттарыңыздан күні-түні осы нысанның басы-қасында жұмыс істеген құрылысшыларға, сәулетшілерге, дизайнерлерге алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Бүгін халықаралық фестиваль аясында сіздерге жаңа театр өз сахнасында мазмұнды қойылымдарын ұсынатын болады, - деді А. Баталов.

-       Бүгін – үлкен той, Талдықорғанда қос бірдей қуаныш өтіп жатыр. Себебі Талдықорған Орта Азия елдерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты VII Халықаралық театр фестивалін бастап беріп, оған қоса жаңа театрының есігін айқара ашты. Бұл – тек өнер адамдары үшін ғана емес, барша халықтың қуанышы, көптің игілігіне берілген мәдениет ордасы, - деді Асанәлі Әшімов.

Мұнан соң құттықтау тілекті режиссёр, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров жалғастырып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау телеграммасын оқып берді.

Театрдың лентасы қиылып, шара қонақтары театр ғимаратын аралап, экскурсия жасады. Мұнан соң Амандық Баталов барлық келушілерді Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» шығармасы бойынша дайындалған қойылымды көруге шақырды. Қойылымды Б. Римова атындағы драма театрының труппасы дайындаған.

Атап өтсек, қазіргі Б. Римова драма театры отырған ғимарат бейімделген ғимарат болғандықтан, драма театрын салу туралы шешім қабылданып, оның құрылысы 2016 жылдың қазан айында басталған болатын. Құрылыстың сметалық құны 3,7 млрд. теңге. Ғимараттың жалпы алаңы 10,5 мың шаршы метр. Жаңа театрдың құрылысы кезінде негізгі басымдық әртістер мен көрермендерге қолайлы жағдай жасауға берілді, әсіресе, ол жарыққа, дыбысқа және акустикаға қатысты. Жаңа театрда Т. Жүргеновтің 120 жылдығына орай басталған Орта Азия елдерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VII Халықаралық театр фестивалі 6 қарашаға дейін жалғасады. Фестивальда Башқұртстаннан, Түркменстаннан, Түркиядан, Қырғыз және Өзбекстаннан, сонымен қатар еліміздің областарынан келген театр ұжымдары өнер көрсетеді.

Осы күні маңайы абаттандырылған жаңа театрдың алдындағы жаңа музыкалық жарықдиодты фонтандар да іске қосылды.


Көріністер:  588

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 30.10.2018 18:58

Өзгертілген күні: 02.11.2018 18:42:02

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх