Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Талдықорғанда «Астана» даңғылы ашылды

Талдықорғанда «Астана» даңғылы ашылды 06.07.2018 13:01

Астананың 20 жылдығына орай Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында Астана даңғылы пайда болды. Сонымен қатар осы күні аса көрнекті қазақ тарихшысы Қадырғали Жалаиридың, Еңбек Ерлері Бәйкен Әшімов пен Зылиха Тамшыбаевның атына көшелер берілді. Бұл салтанатты рәсімдер облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өтті.

Алдымен Қадырғали Жалаири даңғылын ашудан басталған шарада облыс әкімі А. Баталов өңір зиялыларымен және ардагерлер қауымымен бірге қаланың жаңа шағын ауданынан Б. Әшімов пен З. Тамшыбаеваның атына берілген көшелерге және қалаға кіреберісте жаңадан орнатылған аркаға да атбасын бұрды. Сондай-ақ Астана даңғылының ашылу салтанатына қатысып, даңғылдың лентасын ардагерлермен және Астанамен құрдас жастармен бірге қиды. Өз құттықтауында облыс әкімі Астана күнін мерекелеудің маңызына қысқаша тоқталып өтті.

- Осындай атаулы мереке қарсаңында облыс аумағында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Сондай шараның бірі, бүгінгі Елордамыз - Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Астана» даңғылының салтанатты ашылуы болып отыр. Сонымен қатар, ұлы тұлғаларымыздың ұлағатты еңбегі мен ерлікке толы ерен  істерін әспеттеу мақсатында, ғұлама тарихшы Қадырғали Жалайыри даңғылы, Еңбек Ерлері Бәйкен Әшімов пен Зылиха Тамшыбаеваның құрметіне көше аттары берілді, - дей келе А. Баталов олардың есімі мен елге сіңірген қызметін есте сақтаудың жарқын үлгісі болатынын атап өтті.

Облыстағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қала тұрғындары қатысқан салтанатты жиында Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Халық, Бәйкен Әшімовтің ұлы О. Әшімов, Зылиха Тамшыбаеваның қызы С. Тоқсанбайқызы сөз алып бүгінгі атқарылып отырған тағылымды іске ризашылықтарын жеткізіп, көпшілікті Астана мерекесімен құттықтады. 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg