Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

Талдықорғанда қоқыс өңдеу зауыты ашылды

Талдықорғанда қоқыс өңдеу зауыты ашылды

Талдықорған қаласында жылына 100 мың тонна қалдық өңдеуге қауқарлы қоқыс өңдеу желісі ашылды. Бұл - облыс әкімінің тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өңдеу мәселесін шешу туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында жалпы құны 1400,0 млн. теңге болатын қоқыс өңдеу зауыты құрылысының бірінші кезеңі.

«ADAL DAMU Capital» ЖШС басшысы, қоқыс өңдеу зауытының директоры Ерлан Дүйсенбаевтың айтуынша, қазіргі кезде өндірістік қуаттылығы жылына 100 мың тонна болатын қоқыс өңдеу желісі іске қосылды. Сол сияқты қайталама шикізаттан дайын өнім шығаратын цех пайдалануға берілді. Кәсіпорын пластик пен пленкадан түйіршіктер, полимерлі-құмды төсемелер шығаруды бастады. Жұмыртқа лотоктарын шығаратын арнайы құрылғылар әкелініп, орнатылуға дайын тұр. Жобаны жүзеге асырудың екінші, үшінші кезеңдерінде биогаз бен биошірінділер шығару жоспарланған. Осы мақсатта верми- және биогаздар кешенінің құрылысын жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бүгінгі күні кәсіпорында 20 адам еңбек етеді, ал жоба толық жүзеге асқан уақытта 170 жұмыс орны құрылады деп межеленген.

Зауыттың ашылуымен қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов құттықтап, тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өңдеу мәселелерін шешудегі бұл жобаның маңыздылығына тоқталды.

Еске салсақ, қоқыс өңдеу зауытының құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Кәсіпорын Өтенай ауылдық округінде, «Талдықорған - Үштөбе» трассасының 10-шақырымында орналасқан.

Бұл инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы тұрмыстық қатты қалдықтардың шығарылуы мен жыл сайын 100 мың тонна қалдықты өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде полигонның жүктемесін қысқартып, оның қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтатын болады.  

   


Көріністер:  3594

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 18.09.2017 18:54

Өзгертілген күні: 19.09.2017 12:56:23

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх