Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -1 oC
Талдықорғанда Тұңғыш Президент күніне орай 300 орынды музыкалық мектеп ашылды

Талдықорғанда Тұңғыш Президент күніне орай 300 орынды музыкалық мектеп ашылды

Талдықорғанда Тұңғыш Президент күніне орай 300 орынды музыкалық мектеп ашылды

Бүгін Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Талдықорғанда 300 орынды жаңа музыкалық мектеп ашылды. Талдықорғандықтарды қуаныштарымен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Тұрғындарды құттықтаған облыс басшысы Елбасының ерекше қамқорлығы мен қолдауының арқасында жастарға білім алуға, шығармашылық тұлға ретінде өзін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалып отырғанын атап өтті.

- Бүгін мерейлі мереке қарсаңында 300 орынды жаңа музыкалық мектепті ашып отырмыз. Мұнда балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Музыкалық құрал-аспаптармен жабдықталған кең, көрнекті бөлмелер, 200 орындық концерт залы балалардың таланттарын ұштауға үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл облыстағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдайтын шын мәніндегі заманауи орталық болмақ. Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен және бүгінгі музыкалық мектептің ашылу қуанышымен тағы да құттықтаймын. Бәріңізге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, еңбекте табыс тілеймін! – деді А. Баталов. Қонақтар атынан сөз алған белгілі композитор әрі дирижер Әли Алпысбаев жас таланттарға жағдай жасап, дарынын шыңдап дамытуға жәрдемдесудегі нақты бастамалары үшін облыс басшылығына ризашылығын білдірді. Бұл музыкалық мектеп талай жас өнерлі өрендердің жолын ашатынан сенім білдірді.

Алматы облысының Құрметті азаматы, белгілі актер Әлімғазы Райымбеков ақсақал бата берді. Мектептің символикалық кілті тапсырылып, лентасы қиылып, қонақтар мектеп ішін аралап көрді. Кітапханада, фортепиано, сольфеджио, музыкалық әдебиет, вокал, хореография, скрипкашылар ансамблі, оркестр сыныптарында болды. Концерт залында Талдықорғанның талантты балалары мерекелік концерт ұсынды. Өрендер рояльда, қобызда, саксафонда өнер көрсетті.

Атап өтсек, музыкалық мектептің құрылысы 2017 жылдың қыркүйек айында басталған еді. Мердігер мекеме – «Стройсервис-97» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 1 млрд. 100 млн. теңге. Ғимарат екі қабатты, екі блоктан тұрады. Музыкалық мектептің аумағы 0,5 га, мектеп алаңы – 3,324 шаршы метр. Жеке дайындалуға арналған 20 кабинеті бар, 2 сынып теориялық сабақтарға арналған, хор айтатын, ансамбль, оркестр, кітапхана, буфет, музыкалық аспаптарды жөндейтін шеберхана, 200 орынды концерт залы бар. Қосымша білім беру бағдарламасы оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, қабілетін ұштауға, жалпы мәдениетті қалыптастыруға, демалыстарын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған.


Көріністер:  386

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 30.11.2018 16:55

Өзгертілген күні: 04.12.2018 11:07:28

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх