Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +26 oC
Талдықорғанда үздік мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Талдықорғанда үздік мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Аталған шара Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткізілді.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтау сөз сөйлеп, облыстың мәдениет және өнер саласында жеткен жетістіктеріне, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеяларының 20 жылдығы сынды айтулы даталардың аталып өту барысына тоқталды:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мәдениет - елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениет мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады» - деп атап көрсеткендей, мәдениет - қазіргі заманғы адамды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жаңғырудың маңызды бөлігі болып табылады.

Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Б.Өнербаев мәдениет және өнер саласында белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісін табыс етті. Аталған марапатқа «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі Арафат Искаков пен облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Сәбитова Әйгүл ие болды.

Бұдан бөлек марапаттау рәсімі 16 номинация бойынша жүргізілді, олар: «Үздік аудандық мәдениет үйі», «Үздік әнші», «Үздік ауылдық кітапхана», «Үздік актер», «Үздік биші» және т.б. «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясында облыстық шығармашылық орталығының қызметкері Асқар Нұрмұхамбетов жеңімпаз деп танылса, «Сазген» ансамблінің музыканты Талғат Оразаев «Үздік аспапшы» номинациясында жүлдегер атанды. Ал Алакөл аудандық кітапхана ұжымы «Үздік аудандық кітапхана» номинациясына қол жеткізді. Сонымен қатар «Үздік актер» номинациясы бойынша Б.Римова атындағы облыстық драма театрының актері Абай Нұғыманов бас жүлдеге ие болса, «Үздік халық театры» номинациясы бойынша Панфилов аудандық Д.Рақышев атындағы театр ұжымы жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаздардың әрқайссысына ескерткіш сыйлық, дипломдар мен 100 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.


Көріністер:  1561

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 21.05.2015 12:15

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:57

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх