Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Талдықорғанда жеті субұрқақ бір мезгілде іске қосылды

Талдықорғанда жеті субұрқақ бір мезгілде іске қосылды 27.10.2018 20:57

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында Жетісудың жеті өзенінің символындай болған жеті субұрқақ іске қосылды. Жарығы ойнап тұратын, түрлі түсті, музыкалық, көп ағынды фонтандар орталық алаңға ерекше көрік беріп тұр. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты. Қалалықтар мен қонақтарды құттықтаған облыс басшысы:

- Бүгін күздің қоңыр кешінде біз Жетісудың мол суының белгілісіндей болған жеті бірдей фонтанды ашып отырмыз. Орталық алаңды жаңғырту жұмысының соңы осы фонтандарды іске қосумен түйінделді. Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы жаңа келбетке енді, орталық алаң түрленді. Оған қоса, міне, жаңадан салынып, қайта жаңартылған фонтандар алаңға ерекше көрік беріп тұр. Осының бәрі сіздер үшін, талдықорғандықтар мен қала қонақтары үшін жасалды. Дайындаған тосын сыйымыз сіздерге ұнады деген ойдамын, - дей келе А. Баталов қала тұрғындарымен бірге фонтанды іске қосты. Жеті субұрқақ бір мезгілде іске қосылып, бұл сәтті аспанға атылған түрлі түсті отшашу одан сайын әсерлендірді. Қазақ эстрадасының өкілдері қатысқан концерттік бағдарлама мерекелік көңіл күйді еселей түсті.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg