Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

Талдықорғанның жаңа келбеті таныстырылды

Талдықорғанның жаңа келбеті таныстырылды

Бүгін сәулетшілер, дизайнерлер мен мердігер құрылыс мекемелерінің басшылары облыс әкімі Амандық Баталовты Талдықорған қаласын одан әрі абаттандыру жобаларымен таныстырды.

Атап айтқанда, «Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева «Алматы-Талдықорған» тас жолының қалаға кіре беріс тұсы мен оған қосарланған Балпық би кентінің аумағы арқылы өтетін «Алматы-Өскемен» тас жолын абаттандыру және ауыл бойында құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты Бас жоспарға енгізілген өзгертулермен таныстырды. Жобада барлығы егжей-тегжейлі көрініс тапқан. Оның ішінде көгалдандыру, жарықтандыру, кіші сәулет нысандары, қоршаулар, орындықтар, жаяу жүргіншілер жолы және көптеген өзге де элементтер қамтылған. Мұның барлығы қаланың жалпы келбетін жақсартып, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жобаларды мұқият қарап шыққан өңір басшысы таныстыру барысында қаланың жаңа кескін-келбетін одан әрі жақсарту мақсатында сол тұста өзінің жобаға байланысты ұсыныстарын білдіріп, жаңа ойларымен бөлісті.

Жобалардың таныстырылуында қаланың сәнін келтіретін «Жеті су бұрқақ алаңы» жобасы нақтыланды. Өңір басшысы орталық алаңдағы түрлі субұрқақтардың құрылысы келер жылдың шілде айында аяқталып, қала тұрғындарының көптеп жиналатын орындарының біріне айналатындығын жеткізді.

Осыдан кейін облыс орталығын газдандыру жайымен «ЖетісуОблГаз» ЖШС директоры Владимир Тохтасунов таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қаланың жеке меншіктегі 5 000 жер үйлері мен көпқабатты тұрғын үйлердегі 4 000 пәтерді газ жүйесіне қосу мүмкіндігі жасалған. Талдықорғанды газдандыру жұмысы жоспарға сай жүргізілуде. Осы күнге дейін 180-ге жуық үй газ жүйесіне қосылған. Баяндаушыны тыңдаған облыс әкімі Талдықорған қаласын газдандыру мәселесі ерекше бақылауда тұрғандығын, сол себепті жұмыстардың барлығын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін ескертті.

2018 жылға жоспарланған қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі де өңір басшысының назарынан тыс қалмады. Мәселен, келесі жылы 57 көшеге, яғни жалпы ұзындығы 57,83 км. жолға күрделі жөндеу, сондай-ақ қалаішілік 82 көше мен қала сыртындағы 14 көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар көшелердің орташа, ағымдық жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, бағдаршамдар мен аялдама кешендері орнатылатын болады.

Ескерте кетсек, ағымдағы жылы қаланың 13 көше жолына (жалпы ұзындығы – 11,2 км) күрделі жөндеу, 25 көшесіне (жалпы ұзындығы – 23,91 км) орташа жөндеу, қалаішілік 78 және қаланың айналасындағы 14 көше жолдары жөндеуден өткен болатын.

 


Көріністер:  2656

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.12.2017 19:44

Өзгертілген күні: 14.12.2017 11:45:09

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх