Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -10 oC

Талдықорғанның жаңа әкімі таныстырылды

Талдықорғанның жаңа әкімі таныстырылды

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласының активіне қаланың жаңа әкімін таныстырды. Талдықорған қаласының әкімі лауазымына Ғалымжан Райылұлы Әбдірайымов тағайындалды.

Алдымен қалалық мәслихат депутаттарымен кездескен облыс басшысы Президент Әкімшілігінің келісімімен қала әкімі қызметіне Ғ. Әбдірайымовты ұсынатынын жеткізді. Ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдап, келісім берді.

Мұнан соң жиын қала активімен жалғасты. Амандық Баталов Талдықорған қаласының әкімі Ғ. Әбдірайымовты таныстырып, жаңа басшының алдына үлкен міндеттер жүктеді. Сол сияқты бұған дейін осы лауазымды атқарған Дастан Шалтабаевтың жұмысына ризашылығын білдірді, жақында жаңа қызметке баратынын тілге тиек етіп, алдағы ісіне сәттілік тіледі.

- Дастан Шалтабаев қаланың дамуына, оның құрылысына, абаттандырылуына өз үлесін қосты. Көп үйренді, тәжірибесі бар, өзіне жүктелетін жаңа қызметке бар білімі мен білігін бағыттайды деп сенемін. Ал Ғалымжан Райылұлы бұған дейін де біздің облыста жауапты қызметтер атқарған. Талдықорғанды заман талабына сай дамыту міндеттерін абыроймен атқарады деп ойлаймын. Оған тәжірибесі де, білімі де жетеді. Облыстың даму көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. Жалпы ішкі өнім, өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қай-қайсысында да өсім айқын байқалады. Қала да дәл осылай өсуі керек. Біз облыс орталығына ерекше көңіл бөліп, барлық жағынан қолдау танытып келеміз. Жолдарын жөндеуге, абаттандыру, жарықтандыру, газдандыру ісіне қаржы бөліп отырмыз. Қоғамдық көлікті ретке келтіру туралы баяғыдан айтып жүрмін. Талдықорғанда жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындармен бірлесіп, заман талабына сай жаңа автобустар сатып алып, жүргізсеңдер, игілігін халық көреді ғой. Қаланың орталығын ғана емес, Ынтымақ ауылын, сол сияқты қала шетіндегі саяжайлық аумақтарды дамытуды да басты назарда ұстау керек. Қала ішіндегі газдандыру ісі баяу жүріп жатыр. Осының бәрін Ғалымжан Әбдірайымов жіті бақылауға алып, белсене жұмыс істеуі керек, - деп атап өтті А. Баталов.

Өз кезегінде Дастан Шалбатаев сөз алып, қала басшылығындағы қызметін атқару барысында қолдау білдірген облыс әкіміне, қала активіне алғысын айтып, жаңа әкімнің жұмысына табыс тіледі.

Ал Ғалымжан Әбдірайымов:

- Маған Алматы облысы бөтен емес. Осы өлкеде алғаш елмен араласып, қызмет баспалдақтарынан өттім. Маған сенім артып, жауапты лауазымға тағайындағаныңыз үшін ризашылығымды білдіріп, талдықорғандықтармен бірлесе жұмыс істеймін, талап үдесінен шығамын деп сендіремін, - деді.

Мінбеге көтерілген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Дүйсенбекұлы мен қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Сәуле Қарамолдинова қаланың дамуына, жаңа тағайындауға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, қолдау танытты.

Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов алдағы уақытта да Елбасы салып берген сара жолды жалғастыра отырып, өңірді дамыту қажеттігін еске салды.


ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Райылұлы Әбдірайымов Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ғалымжан Райылұлы Әбдірайымов

1965 жылы туған. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын, «Тұран» университетін бітірген, мамандығы – құрылыс инженері, заңгер.

Еңбек жолын Жамбыл облысы «Восток» ұжымшарында құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.

Әр жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы Шаруашылық есеп айырысу жобалау өндірістік сәулет жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, «Алрай» шаруа қожалығының төрағасы, «Альтаир ЛТД» ЖШС фирмасының атқарушы директоры, Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялаудың Алматы қалалық мемлекеттік орталығының штаттан тыс сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялаудың Алматы облыстық мемлекеттік орталығының директоры, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті басқармасының бастығы, ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры – мемлекеттік құрылыс инспекторы, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агеттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицезиялау және атестаттау департаментінің директоры – мемлекеттік құрылыс инспекторы, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, Алматы және Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың сәуір айынан - Тараз қаласының әкімі.

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дастан Тұрарбекұлы Шалтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Талдықорған қаласының әкімі қызметінен босатылды.



Көріністер:  1307

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 12.04.2019 12:17

Өзгертілген күні: 12.04.2019 15:40:44

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх