Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +22 oC

Тау шаңғы туризмін дамыту жайы талқыланды

Тау шаңғы туризмін дамыту жайы талқыланды

Талғар ауданындағы «Ой-Қарағай – Лесная сказка» тау шаңғы кешенін одан әрі дамыту жоспары мен қажетті мемлекеттік қолдау шаралары туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен инвесторлармен кездесу барысында айтылды.

Белгілі тау шаңғы кешенін дамытудың жуық арадағы жоспары жайлы инвестор, жоба бастамашысы, «Alina» компаниялар тобының президенті Ерлік Балфанбаев айтып берді.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда кешенге келушілер саны 3 есеге артқан. Қазір жаңа аспалы жолдың құрылысы жүріп жатыр. Қолданыстағы 13 км шаңғы трассасына қоса биылғы жылы тағы 7 шақырымы салынады. Жасанды қар жасау жұмысымен де айналысуда. Бұл мақсатта екі су қоймасы, 7 км жоғары қысымды трасса салынып жатыр. Қазіргі кезде инфрақұрылым жағынан мемлекет қолдауының қажеттігі байқалуда. Бұл мәселе кездесудің негізгі өзекті болды.

Бүгінгі күні «Алматы - Талғар» трассасынан Бесқайнар ауылына бұрылатын» жол айырығының құрылысы қолдауды қажет етеді. Сол сияқты Байбұлақ ауылынан «Тау -Тұран» айырығына дейінгі 1000 және 2000 КВА подстанциясы бар 2 электр жеткізу жүйесі (ЭЖЖ) – «Ақ-Тас» платосы да осы қатарда, оның ЖСҚ-сы инвестордың қаржысына дайындалған, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Нысанды газдандыру жағынан да қолдау қажет.

Облыс әкімі Амандық Баталов нысанға газ жеткізуге мүмкіндік бар екенін, ал ішкі газ тарату жүйесін инвестор өз есебінен жүргізуге тиіс екенін атап өтті. Ал жол құрылысына келсек, бұл мәселеде қолдау көрсетілетіні айтылды. Ал екі ЭЖЖ құрылысы мәселесін зерттеп, меңгеру тиісті сала мамандарына тапсырылды.

Атап өтсек, бұған дейін инфрақұрылымды дамыту шеңберінде республикалық трассадан нысанға дейінгі 6 шақырымдық автокөлік жолына күрделі жөндеу жасалған болатын, сол сияқты 10,5 км электрмен қамту жүйесі жүргізілген.

Амандық Баталов атап өткендей, мемлекет қолдауының арқасында туризмді дамыту мақсатында облыста инфрақұрылымға ерекше назар аударылады, соның ішінде танымал туристік нысандарға қолжетімді көлік қатынасын ұйымдастыру да бар. Мәселен, жергілікті бюджет қаржысына Шарын шатқалына, Көлсай көлдеріне, Ж. Жабаев музейіне дейінгі жолдар жасалды. Балқаш көліне дейінгі 140 шақырым жолдың жөндеуі жалғасуда. Тау шаңғы туризмін дамыту мақсатында барынша қолдау көрсетіліп келеді.

- Бұл ірі жобаның облыстағы тау шаңғы туризмін дамытуда маңызы зор. Сондықтан біз қажетті көмектерді көрсетеміз. Бүгінгі көтерілген мәселелер қосымша зерделенеді, соның ішінде жол құрылысы бойынша да, мүмкіндігіне қарай көмектесеміз, - дей келе А. Баталов облыстық туризм, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына тиісті тапсырмалар берді.


Көріністер:  1458

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 20.05.2019 17:18

Өзгертілген күні: 20.05.2019 17:22:08

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх