Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +11 oC

Тайқазан Жетісу жеріне жетті

Талдықорған қаласындағы «Достық үйіне» келген киелі тайқазанды қарсы алу рәсімі салтанатты түрде өткізіліп, шараға әртүрлі ұл өкілдері, этно-мәдени орталықтар мен бірлестіктердің жетекшілері, мүшелері және қала тұрғындары қатысты.

Қарсы алу рәсімінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық хатшылығының жетекшісі Ғабит Тұрсынбай сөз сөйлеп, биылғы жылы облыс көлемінде Ассамблеяның 20 жылдығы аясында атқарылатын жұмыстардың барысына тоқталды:

- «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» эстафетасын біз Жамбыл облысынан қабылдап алдық. Осы ырыс, берекенің нышаны Тайқазанның жер жаннаты Жетісу жеріне келгеніне қуаныштымыз. Ағымдағы жылы осы шара аясында облыс көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға көмектер көрсетіліп, ардагерлер мен қарттарға жан-жақты қолдаулар ұйымдастырылатын болады. Мұндай істер осымен жалғаса бермек, - деп қорытындылады хатшылық басшысы.

Кездесуде облыстың бірқатар этно-мәдени бірлестіктері де атаулы мерекеге қарсаңында жиналған қонақтарға өздерінің жылы лебіздерін жеткізіп, өз салаларында жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, қасиетті тайқазан ағымдағы жылдың 14 наурызында Алматы облысынан Оңтүстік Қазақстан облысына жөнелтіледі.


Көріністер:  1587

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 06.03.2015 10:10

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:56

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх