Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +24 oC

Астана театры - Талдықорғанда

Астана театры - Талдықорғанда

Бүгін Талдықорғандағы Журналистер үйінде 2016 жылдың Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық тобы баспасөз мәслихатын өткізді. Аталмыш театр 25-30 сәуір аралығында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы аясында Талдықорған қаласына гастрольдік сапармен келген болатын.

ҚР халық артисі, профессор, театрдың көркемдік жетекшісі Талғат Теменовтің айтуынша, астаналық өнер ордасы бір апта көлемінде Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарына 7 спектакльді тарту етпек, олар: В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы, Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы, Е.Жуасбектің «Сен үшін» комедиясы, А.Дударевтің «Кеш» драмасы, Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы, М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы, М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасы, М.Машадудың «Бразилия байлығы» ертегісі.

Спектакльдер Б.Римова атындағы қазақ драма театры сахнасында және І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді.

Театр өнерінің дамуына үлесін қосып жүрген Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Талдықорған қаласына жасап отырған бұл сапарының бірден-бір мақсаты - қала тұрғындарына Астананың мәдениетін паш ету және де екі театрдың бір-бірімен тәжірбие алмасуына септігін тигізу болып табылады.

Шығармашылық топ құрамындағы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ыбыраев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, актриса, «Золотой Витязь 2015» Халықаралық театр фестивалінің алтын диплом иегері Ақмарал Танабаева, актер, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Сырым Қашқабаев журналистер сауалдарына жауап берді.

25 сәуір - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының құрылған күні. Театрдың мерейтойлық датасы Талдықорғандағы гастрольдік сапарымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өту керек.

 


Көріністер:  6300

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 25.04.2016 18:09

Өзгертілген күні: 26.04.2016 09:41:07

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх