Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +32 oC
Телебағдарламада тағдырын айтқан Гүлім Нүркебайға облыс басшылығы пәтер кілтін тапсырды

Телебағдарламада тағдырын айтқан Гүлім Нүркебайға облыс басшылығы пәтер кілтін тапсырды

Телебағдарламада тағдырын айтқан Гүлім Нүркебайға облыс басшылығы  пәтер кілтін тапсырды

Бүгін Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйінің түлегі, жалғызбасты ана Гүлім Нүркебайға Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бір бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды. Ол бұған дейін кішкентай сәбиімен «Аналар үйін» уақытша паналаған. Гүлімнің басына түскен қиын тағдырды «Болмыс» ток-шоуы арқылы көпшілікке жеткізген «Жетісу» телеарнасының аталмыш бағдарламасынан кейін Г. Нүркебайды облыс әкімі Амандық Баталов қабылдап, баспана мәселесін шешуге уәде берген еді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алты айлық Анелия есімді сәбиімен бірге Гүлім енді Талдықорған қаласындағы Покрышкин көшесінің тұрғыны атанды. Жаңа баспана иесін қуанышымен құттықтаған Ж. Омар:

- Облыс әкімі А. Баталов кешеуілдетпей пәтер кілтін тапсыруды маған тапсырған еді. Соған сәйкес бүгін баспаналы болу қуанышыңмен облыс әкімінің атынан құттықтап келдім. Осы игілікті істің шешімі Рамазан айына тура келіп отыр, әрі кішкентай Анелияның несібесі шығар. Алдағы өмірің бақытты, шаңырағың берекелі, жүзің жарқын болсын, - деді Ж. Омар.

Гүлімнің жанында жол көрсетіп, жәрдемші болып жүрген Талдықорғандағы «Аналар үйінің» үйлестірушісі Бақтыгүл Жексембаева жалғызбасты ананың жағдайының оң шешілгеніне ризашылығын білдірсе, өз кезегінде Гүлім Нүркебай да облыс басшылығының тарапынан көрсеткен қамқорлық шараларына шынайы алғысын жеткізді.

Еске салсақ, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін «Айналайын» жетім балалар үйінен шыққан Гүлім Нүркебай құжаттарының түгенделуі, жұмысқа тұру, баспана табу жағынан көп қиындық көргенін, жаңа туған нәрестесімен бірге бүгінгі күні «Аналар үйін» тұрақ етіп отырғанын жыл басында "Жетісу" телеарнасының«Болмыс» ток-шоуында айтып, жәрдем сұраған болатын. 


Көріністер:  223

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.06.2018 12:50

Өзгертілген күні: 11.06.2018 09:50:25

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх