Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
ТМД аумағының ардагер волейболшылары «Жетісу Кубогын» сарапқа салады

ТМД аумағының ардагер волейболшылары «Жетісу Кубогын» сарапқа салады

ТМД аумағының ардагер волейболшылары «Жетісу Кубогын» сарапқа салады

Бүгін Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында волейболдан ардагерлер командалары арасында ІІІ халықаралық «Жетісу Кубогы» турнирі басталды. Жарысқа 7 елден, атап айтқанда Моңғол, Өзбекстан, Қырғыз, Ресейдің Тыва, Бурят, Татарстан елдерінен, сол сияқты Орынбор қаласынан волейбол командалары келді. Ал Қазақстанның намысын осы жарыста «Жетісу» ардагерлер командасы қорғамақ.

Турнирдің салтанатты ашылуында облыс әкімі, Қазақстан Республикасы Волейбол федерациясының вице-президенті Амандық Баталов сөйлеп, құрметті қонақтарға ілтипатын білдірді.

- Жетісу жеріне, Талдықорған қаласына қош келдіңіздер! Баршаңызды алда келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Бұл турнир биыл Талдықорғанда үшінші жыл қатарынан өтіп отыр. Волейбол елімізде, соның ішінде Алматы облысында кең тараған көпшіліктің сүйікті ойыны. Сонау КСРО кезінің өзінде елімізде волейболдан Жәнібек Сауранбаев, Валерий Кравченко сынды саңлақ спортшылар топ жарды. Сол құрамдағы Вячеслав Шапран бүгінде еліміздегі мықты жаттықтырушылардың бірі. Аты әлемге танылған ақынымыз Олжас Сүлейменов жасы 80-нен асса да әлі күнге волейболдан қол үзген жоқ. Бірталай мықты ойыншылар ТМД аумағындағы сіздердің елдеріңізден де шықты, оларды біз жақсы білеміз. Бүгінгі турнир қызықты өтіп, тартысты ойын болады деп ойламын. Барлық командаларға сәттілік тілеймін! – деді А. Баталов.

Осы салтанатты шарада белгілі мемлекет қайраткері Амангелді Шабдарбаев, Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Закирянов, сол сияқты сырт елдерден келген командалардың мүшелері сөз алып, турнирді ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Жалпы, волейболдан ардагерлер командалары арасында ІІІ халықаралық «Жетісу Кубогы» турнирі «Жастар» Спорт сарайында күн сайын сағат 10.00-де басталады. 1 желтоқсанда жарыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталатынын еске саламыз.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  347

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 29.11.2019 16:08

Өзгертілген күні: 29.11.2019 18:56:22

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх