Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC
Жаркент крахмал-сірне зауытының өндіріс қуаты жылына 54 тоннаға дейін артты

Жаркент крахмал-сірне зауытының өндіріс қуаты жылына 54 тоннаға дейін артты

Жаркент крахмал-сірне зауытының өндіріс қуаты жылына 54 тоннаға дейін артты

«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында Жаркент қаласындағы крахмал-сірне зауыты модернизациялаудан өтті. Нәтижесінде зауыттың өндіріс қуаттылығы жылына 10 мыңнан 54 мыңға дейін артты. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.
Алматы облысы әкімінің айтуынша, мемлекеттік – жеке меншік серіктестік негізінде «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен ауданы 8,3 га аумаққа қосымша екі дән кептіру орны тұрғызылған. Нәтижесінде 400 шаруа қожалықтары жүгері өнімін кептіру және сақтау мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен бірге жүгері дақылының егістік алқабы 72 мың гектарға артып, ондағы еңбек етуші шаруа қожалығы саны 3900 жетті, бұл өз тарапынан қосымша 11 мың ауыл тұрғынына жұмыс берді.
Алдағы уақытта соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған қосымша екі арнайы сервистік-әзірлік орталығын салу және 20 мың адамды жұмыспен қамту жоспарда бар.


Көріністер:  4816

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 02.12.2015 15:01

Өзгертілген күні: 08.01.2016 10:33:02

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх