Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC

Импорт алмасу жүзеге асырыла бастады

Импорт алмасу жүзеге асырыла бастады

Алматы облысында отандық инвестор тартудың нәтижесінде Көксу зауыты іске қосылды. Бұл зауыт «зәкірлі жоба» ретінде кластерлік жүйенің барлық технологиялық желісін құра отырып, 351 шаруа қожалығын өз маңайына топтастыра алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов хабарлады.

Оның айтуынша, «Жетісу» ӘКК» ҰК АҚ қатысуымен француздық тұқым сатып алынып, 6 сервистік-дайындау орталықтары құрылды, 1 млрд. теңгеге жуық сомаға 161 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынды, оның ішінде 22 қант қызылшасын тасымалдауға арналған 22 ірі жүк машинасы да бар.
Соның нәтижесінде Алматы облысында 4020 гектар жерге қант қызылшасы себіліп, онда 5 мыңнан астам адам, қант зауытында 215 адам жұмыспен қамтылды.

Барлығы 121,3 мың тонна өнім жиналып, 12 мың тонна қант өндірілетін болады. Яғни Алматы облысы импорт алмасу ісін сәтті жүзеге асыра бастады. Келесі жылы қант қызылшасының көлемі 6 мың гектарға дейін ұлғайтылып, 2020 жылға қарай 14 мың гектарға жеткізу межеленген.


Көріністер:  4871

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 02.12.2015 15:00

Өзгертілген күні: 08.01.2016 10:33:34

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх