Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

«WELCOME to ZHETYSU» фильмінің түсірілімі басталды

«WELCOME to ZHETYSU» фильмінің түсірілімі басталды 12.09.2017 18:44

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жастардың жобасына ақ жол тілеп, жетісулықтар «WELCOME to ZHETYSU» фильмін түсіруді бастап кетті. Бұл туынды Жетісу өңірінің көрнекті жерлерін кино тілімен насихаттайтын ерекше жоба болмақ. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәлихатында белгілі болды.

Кино желісі өте қызықты, түрлі шытырманға толы, әзілмен әрленген. Жетісу өлкесінің тамаша жерлері де осы туындының ішінде көрсетіледі. Сценарий авторы Жұмабек Әділеттің айтуынша, кино қазақ тілінде түсіріледі, аталмыш туындыдағы негізгі рөлдерді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ең үздік түлектері ойнамақ.

Фильмнің қысқаша мазмұны: жаңа танысқан жолдастар Жетісу жерінен әсерлі бейнеролик түсіруді көздейді. Мақсаттарына жету жолында түрлі кедергілерге тап болғанына қарамастан, барлық қиындықты еңсеріп шығады.

«Елбасымыз айтқан рухани жаңғыру ең алдымен жастардың өз өлкесін танудан басталады. Сондықтан жетісулық жастар туған жердің топырағын насихаттауды кино тілімен жеткізуге талпыныс жасап отыр. Бұл орайда облысымыздағы қолға алынып отырған алғашқы  тың жобаның маңызы зор деп есептеймін. Оны жүзеге асыру үшін біздің жастарда күш-жігер де, қуатты рух та, патриотизм де жеткілікті. Сондықтан тың жоба өзінің нәтижесін беретініне сенімдіміз», - деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Жалпы, кино түсіруге 13,8 млн. теңге бөлінген. Фильмнің ұзақтығы 90 минут болады деп межеленуде. Актерлер құрамында  Ерболат Құдайберген, Рамис Кулаxметов, Рүстем Омаров, Мейірхан Шерниязов, Салтанат Құдайберген, Елдар Ташкенбай, Олжас Қасым, Райымбек Бекет бар. Фильм шамамен қараша айында көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр. 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg