Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Ұйғыр ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ұйғыр ауданына жаңа әкім тағайындалды 07.09.2017 12:13

Бүгін Ұйғыр ауданында өткен аудан активінің кездесуінде Алматы облысы әкімі міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов ауданға жаңа әкім Ш.Нурахуновты таныстырды. Жиын барысында аталғандай, оның кандидатурасы жақында өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында көпшілік депутаттың қолдауына ие болған.

Облыс әкімі міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов аудан активіне жаңа әкімді таныстыра келе, бұған дейін аудан әкімі қызметін атқарған Алимжан Тохтасуновқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Шухрат Нурханов кандидатурасын қолдап, сенім білдіргендерге алғысын жеткізіп, алдағы уақытта өзіне артылған барлық міндеттерді абыроймен атқаратындығын атап өтті.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg