Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -16 oC

Қызылағаш су қоймасы қалпына келтірілуде

Қызылағаш су қоймасы қалпына келтірілуде

«Қызылағаш» су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты бұл нысандағы  құрылысқа дайындық сәуір айында қолға алынып, бүгінде негізгі жұмыстары басталған. Су қоймасының құрылыс жұмыстарымен облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров танысып қайтты.

Қазіргі кезде су қоймасының орнына салынатын заманауи бөгет құрылысының бастапқы кезеңі басталды. Бөгет құры­лы­сы­на республикалық бюджеттен 5,9 миллиард теңге бөлі­ніп, соның 800 миллион теңгесі жыл соңына дейін иге­рі­луі тиіс, заман талабына сай  бөгет екі жыл көлемінде салынады деп жоспарланған.  

«ҚазСуШар» РМК Алматы филиалының бас инженері Рақымжан Разбаевтың айтуынша, су қоймасына апаратын 12 шақырымдық жол мен 16 шақырымдық электр желісі тартылған соң жұмысшылар бөгеттің табанын тазалауға кіріскен. Тоннель арқылы су босату, апатты жағдайда суды жіберу қалпына келтірілуде. Су қоймасына алдағы уақытта қызмет көрсететін мамандарға арналған үйлер салынуда. Қазір мұнда жүзден астам адам мен жетпіске жуық техника жұмылдырылған. Жұмысқа жергілікті тұрғындар да тартылып жатыр. Су қоймасының сыйымдылығы 42 миллион текше метр болады, бұл өз кезегінде оның барынша қауіпсіз болуына мүмкіндік береді дейді мамандар.

Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров биылға 1,8 млрд. теңге бөлініп, бүгінге дейін оның жартысы игерілгенін, қаражаттың мақсатты жұмсалуы үшін іс-шаралар рет-ретімен жүзеге асырылуы қажеттігін атап өтті.  

Облыста қант қызылшасын өсіру өркендеп келе жатқанын ескерсек,  Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру негізінде қосымша 7 мың гектар суармалы жердің игерілетіні үлкен көрсеткіш болмақ.




Көріністер:  306

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 10.10.2017 10:55

Өзгертілген күні: 10.10.2017 11:33:26

Тізімге қайта оралу


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх