Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Заңсыз құрылысқа жол бермеу мәселесі қаралды

Заңсыз құрылысқа жол бермеу мәселесі қаралды

Заңсыз құрылысқа жол бермеу мәселесі қаралды

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен заңсыз құрылыстың алдын алу мен жолын кесу жөнінде жиын өтті. Жиынға Алматы қаласы маңындағы аудандардың, атап айтқанда Қарасай, Талғар, Іле, Жамбыл аудандарының әкімдері, облыстық және аудандық сәулет және қалақұрылысы басқармасы мен бөлімдерінің басшылары қатысты.

Бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың есебін тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов рұқсат етілмеген құрылысқа жол бермеу мақсатында тиісті құрылымдық бөлімдердің бірлесіп жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Облыс басшысы, сонымен қатар жолдарын жаңғырту жүргізіліп жатқан «Алтын Орда» базары маңындағы аумақты тазарту мәселесіне де ерекше екпін түсірді. Қарасай ауданының әкімі Ж. Далабаевқа аталған аумақты бір аптаның ішінде талапқа сай ету, нысандарды сүрудің жоспарлы жұмыстарын жылдамдату, жинақталған қоқыстарды шығару сияқты тазалық және абаттандыру жұмыстарына назар аударуды тапсырды.


Көріністер:  429

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 13.05.2019 16:40

Өзгертілген күні: 13.05.2019 16:42:11

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх