Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -17 oC

Жаңа аппарат басшысы таныстырылды

Жаңа аппарат басшысы таныстырылды

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов аппарат ұжымына жаңадан тағайындалған аппарат басшысы Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлын таныстырды.

Актив жиынында Амандық Баталов жаңа басшының алдына бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарау жұмысын, оған қоса орындаушылық тәртіпті де басты назарда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар Ақпараттық-сараптамалық орталық пен хаттама қызметін ұйымдастыруда да жаңаша ұсыныстар енгізуі қажеттігін айтты.

Өз кезегінде Батыржан Байжұманов өзіне артылған сенім үшін ризашылығын білдіріп, жүктелген жауапкершілік жүгін барынша тыңғылықты атқаратынына сендірді.   


Тағайындау

 

Алматы облысы әкімінің өкімімен Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 

 

Батыржан Құлаймергенұлы БАЙЖҰМАНОВ

 

1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – ғалым агроном, менеджер. 2008 жылы «Децентрализация» бағдарламасы арқылы Дьюка университетінде (АҚШ) білім алды.

Еңбек жолын 1999 жылы бастап, Алматы қаласындағы бизнес құрылымдарында жұмыс істеді. Әр жылдарда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аға маманы, сарапшысы, ҚР Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы, «КазАгроИнновация» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қазан айынан – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және тағы 3 медальмен марапатталған.

 

Хроника

 

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылды.

 

 


Көріністер:  937

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 17.04.2017 16:12

Өзгертілген күні: 17.04.2017 18:37:52

Тізімге қайта оралу


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх