Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC

Жаңа жыл қарсаңындағы жүздесу

 Жаңа жыл қарсаңындағы жүздесу

Бүгін Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінде облыс әкімі Амандық Баталов жетісулық еңбек ардагерлерімен кездесті. Жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамның әр саласында қызмет еңбек еткен еңбек ардагерлері шақырылды.

Кездесуде облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бейнефильм көрсетіліп, облыс басшысы А. Баталов өңірдегі қолға алынған жобалар, атқарылған істер және алдағы жоспарлар туралы кеңінен әңгімеледі. Ардагерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасыларына бақ-береке тіледі.

Ардагерлер де өз тарапынан пікірлерін білдіріп, лебіздерін жеткізді. Елбасының жүргізіп отырған мемлекеттік саясатының арқасында бейбіт те берекелі өмірге куә болып отырғандарын тілге тиек етіп, ризашылықтарын айтты.

Кездесуде облыстағы өнер ұжымдарының концерті ұсынылды.


Көріністер:  1308

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 29.12.2018 16:35

Өзгертілген күні: 29.12.2018 18:16:17

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх