Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Жаңа жыл мерекесін атап өтті

Жаңа жыл мерекесін атап өтті 31.12.2017 23:55

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» мәдени-демалыс саябағында Жаңа жылдық мерекелік шаралар өтті. Ең алдымен келген қонақтарды Алматы облыстық Ассамблеясының этномәдени орталықтарының өкілдері жаңа жылдық әндерімен қарсы алды. Шара «Қош келдің Жаңа 2018 жыл!» атты карнавалдық театрландырылған көрініспен жалғасты.

Осы мерекеде жетісулықтарды құттықтаған облыс әкімі А. Баталов:

- 2017 жылға көз салсақ, табысымыз бен берекелі істеріміз, жетістігіміз бен жеңістеріміз мол болды! Өткен жыл береке мен бірлік, тұрақтылық пен татулық өркен жайған сәтті жыл болды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауқымды шаралар қолға алынды. Өткенімізге көз жүгіртіп, болашаққа бағдарымызды айқындадық. Тарихи орындар қайтадан жаңғырып, киелі мекендер қайта түледі. Облыс еңбеккерлерінің еңбегі жоғары бағаланып, бірқатар азаматтар мемлекеттік наградаға ие болды. Алдағы жылда да Жетісуымыз жайнап, гүлденіп, бәріміз жарқын сәттерге куә болайық. Баршаңызды жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын, - деді өзі сөзінде.

Бұдан кейін Талдықорған қаласының әкімі Б. Қарасаев дәстүрлі түрде Жаңа жыл мерекесіне орай облыс орталығында орналасқан ғимараттардың қасбеттерін абаттандыру жұмыстарына ұйымдастырылған байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Шара соңы «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі өнерпаздарының концертімен, отшашумен жалғасты. 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg