Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +27 oC
Жаңа жылыту маусымының міндеттері айқындалды

Жаңа жылыту маусымының міндеттері айқындалды

Жаңа жылыту маусымының міндеттері айқындалды

18.05.2017 12:45

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында 2016 -2017 жылғы жылыту маусымын үздік өткізгені үшін облыстың үш ауданы мен облыс орталығы арнайы техника мен облыс әкімінің І, ІІ, ІІ дәрежедегі дипломдарымен марапатталды. Ендігі жерде Талдықорған қаласы мен Балқаш, Қаратал, Жамбыл аудандары үшін 2 дизельді-генераторлық жиынтық пен жабдықталған 2 трактор жылыту маусымы кезінде үлкен көмегін тигізетін болады. Облыс әкімінің  Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен ТҮКШ саласы қызметкерлері мен жылумен жабдықтау мекемелерінің өкілдері марапатталды.

Негізгі баяндаманы жасаған облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов «2016-2017 жылғы жылыту маусымының қорытындылары мен 2017 -2018 жылдың қыс мерзіміне дайындық» туралы мәселеге кеңінен тоқталды.

Өткен жылы жылыту маусымының дайындығына облыс бюджетінен 4 млрд. 703 млн. теңге бөлінді. Былтырғы  жылыту маусымына барлық 33 орталық қазандық дайындалып, 38,7 км жылу жүйелері, 54,2 км сумен жабдықтау жүйелері мен су кәріздері, 13 мың км электр жүйелері жөнделді. Сонымен қатар 2185 бюджет саласының объектілері, оның ішінде 937 білім беру, 664 денсаулық сақтау және 584 әлеуметтік сала нысандары дайындалды. Сұйық отынмен  жылытылатын бюджет саласындағы 94 объектіде 34 қазандық ауыстырып, 60 автономды қазандық сыртқа шығарылды.  

Сондай-ақ А. Байжанов Заречный ауылында жаңа жылу қазандығы іске қосылатындығы және қуаттылығы 21 ден 34 Гкал/сағатқа дейін арттырылған №4 жылу қазандығының күрделі жұмыстарының біткенін атап өтті.

Баяндамашы жылыту мерзімінің штаттық режимде өткенін айта келе бірқатар кемшіліктерге де тоқталды.

Білім бері нысандарындағы температуралық режимнің бұзылуы, жылу берудің сапасыздығы фактілері тіркелгенін атап өтті.

Облыс әкімі А. Баталов жылу қарыздарын жою мәселесін қатаң бақылауға алуды тапсырды. Атап айтқанда, қарыз сомасы көп жиналған Текелі қаласына мәселені бір ай ішінде шешуді ескертті. Көмір бағасын да бақылауда ұстау керек екендігі айтылды.

Облыс әкімі білім және денсаулық сақтау мекемелеріндегі температуралық режимді бұзу фактілерін болдырмау қажеттілігіне де тоқталып өтті.

А. Байжанов алдымыздағы жылыту маусымының дайындығына және өткізуге, соның ішінде бюджеттік мекемелердің жылу жүйелерінің күрделі жұмыстары мен  жылу қазандықтарының қосалқы бөлшектері мен отын алуға бюджеттен 5 млрд. 937 млн. теңге бөлінгенін, сонымен қатар мекемелердің 2 млрд. 34 млн. теңге жеке қаражаттары тартылатынын айтты.

- 2016 -2017 жылдары жылу маусымы штаттық режимде өтті, іркілістер болған жоқ. Осының бәрі - керекті қаражаттың уақытылы бөлініп, алдын ала жұмыстар дұрыс жүргізілгенінің нәтижесі. Келер жылыту маусымын да осылай өткізуіміз керек. Типтік  режим сақталып, ешқандай ақаулар болмау керек, - деді А. Баталов.

Облыс басшысы қойылған міндеттерге тоқтала отырып, орынбасары А. Байжановқа, аудан, қала әкімдеріне, басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

- Талдықорған қаласында жаңа жылу электр орталығын тұрғызу – болашаққа бағытталған іргелі жоба.  Бұл жобаны жүзеге асыру ісімен қатар «Басқуат» қазандығын күрделі жөндеу жұмыстарымен де қатар айналысуымыз қажет. Ақсу ауданындағы қант зауытындағы ЖЭО қалақұраушы  мекемеге айналып,  Жансүгіров кентін жылумен, ыстық сумен толық қамтамасыз етуін ойластырып, осының есебін жасап, ұсыныс енгізіңіздер. Ең маңызды сұрақтардың бірі - облыс орталығын газдандыру мәселесі. Газдандыру жұмыстарының ұзақ мерзімді нәтижелерін есепке ала отырып, үнемі мониторинг жасап, жұмысты белсенді жүргізу қажет, - деді А. Баталов.

Жиналыс соңында 2016 -2017 жылдары жылыту маусымын үздік  өткізгені үшін аудан қала, ТҮКШ саласы қызметкерлері мен өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.


Көріністер:  108

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Тізімге қайта оралу


Ақсу ауданы Көлтабан ауылы бойынша
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх